Ертегілер елі
Жарияланды: Қазан 11, 2011 Filed under: Қоламта Пікір қалдыру »
Ес біліп, етек жапқаннан бастап ертегі естіп өскен қазақтың баласымын. Бірақ сол бесікте басталған ертегі ат жалын тартып мініп, азамат болғанға дейін жалғасатынын мүлде ойламаған едім. Недеген түгемейтін, ұзаққа созылған ертегі бұл?! Бірақ, «бұл ән бұрынғы әннен өзгерек!» дегендей бүгінгі ертегі бұрынғы ертегіден сәл өзгерек. Әжем айтатын ертегі «ерте ерте ертеде…»-деп басталып өткен дәуір туралы қияли әлемге жетелесе бүгінгі күнде тыңдайтын ертегі «ертең, ертең, ертеңдер…»-деп басталып, келешек қиял әлеміне жетелейді. Ендеше бүгінгі ертегілерді еске түсіріп көрейік.
«Ертең ертең 2030-жылы Қазақстан көршілерден қара үзіп, Азияның барысына айналады…».
«Ертең ертең 2001-2010 жылдық бағдарлама жүзеге асып,қазақ тілі өз тұғырына қонып,бүкіл қазақстан қазақ тілінде іс жүргізіп,қазақ тілінде сөйлейтін болады».
«Ертең ертең қазақстан бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына қосылатын болады…»
«Ертең ертең қазақстан кедендік одаққа мүше болып,сырттан келетін сапалы товарға халық қарық болып, қазақтарға үлкен базар ашылып, ұлттық бизнис өркендейді..».
Осылай «Ертең, ертең мен басталатын ертегілер арт- артынан шыға бергендіктен, алдыңғы айтылған ертегілерді соңғы ертегінің соңына дейін тыңдағанша ұмыта бастайтын болдық. Бірақ біз қазақ халқы ежелден ертегі естіп, ертегіге сеніп өскен халықпыз ғой, жалығар емеспіз, тыңдай береміз, тыңдай береміз…
Ұмытылған ертегілер туралы жазыпта, еске түсіріпте қажеті жоқ қой. Алайда өткен ертегіні қойып, күні кеше ғана айтылған ертегілер есіңнен оңай көтеріле қоймайды екен. «Өтіріктің өзіне сенбе, ебіне сен!»- деген бар емеспе?! Сол сияқты ертегінің өзіне сенбесекте ебіне сенгіміз келіп соңғы «Свежи» ертегіге құлақ түрдік.
«Ертең ертең ертеңдер, 2020 жылы Қазақстан халқының 95% қазақ тілінде еркін сөйлеп, қазақ тілі қазақ елін біріктіретін бірден бір ұйыстыратын ұйтқыға айналады…».
Жарайды, естіген құлақта айып жоқ, бұл ертегіге де сенейік. Бірақ осыдан тура жиырма жыл бұрын «Қазақстанда бірден бір мемілекеттік тіл ол қазақ тілі!»-деп жазып «орыс тілі ресми түрде мемілекеттік тілмен қатар қолдануы мүмкін» -деген сөзді алып тастайық! Дегенде сол кездегі атқа мінерлер мен қазақ тілін білмейтін 40-60 жастағы орыс тілділер: «қазақ тілін үйренуге бізге енді кеш,келесі жас ұрпақтар үйренсе болды, біз Совет кезде солай қазақ тілінен мақұрым қалдық!Бұған заман ғана айыпты!»-деп бар айыпты Советке, бар міндетті жастарға сілтеп құтылды да кетті.
Арада аттай желіп жиырма жыл өтті,бірақ қазақстанда иен даладан сәнді Шаһар салып,азуымызды айға білеп жатсақта өзгермеген бір нәрсе қалды.ол сол сорлы болып босағандан сығалан жетім баланың күйін кешкен қазақ тілі.тәуелсіздіктің 20 жылдығында тағыда улап- шулап қазақ тілі туралы ертегілердей бағдарлама қабылдай бастадық.
Бұл кезде баяғы бар айыпты советкебар міндетті жастарға сілтеген 40-60 жастағылардың арты 60 қа келіп,сол кезде ауыр жүк артылған 20-30 дағылар 40-50 ге келіп мінбеге шығуға жарап қалыпты. Олардың айтуына қарағанда қазақ тілін мемілекеттік тіл ретінде бүгіннен бастап барлық салада қолданысқа енгізуге болмайды екен. Себебі:бүгінгі 40-50 жастағылар үшін қазақ тілін үйрену енді кеш!Қазақстанда мемілекеттік тілдің бірден бір үміті болашақ жастада!.қазіргі жастар бүгінгі аға буынның үмітін 2020 жылы іске асырады –мыс.
Бұл күндері менің қасымда 20-30 дардағы жастар легі өсіп жетіліп келеді. Бірақ олардың арасында қазақ тілін білетін де, білгісі келетіндерде көрінбейді. Олардан «2020 жылы қазақстан бүкілдей қазақ тіліне көшеді, қазақ тілін үйренбейсіңдерме?» десем, олар «біз орысша тәрбиеленгеміз, сондықтан ертегіге сенбейміз!» -деп жауап берді.
Уақыт аялдап тұрмайды, тағы да аттай желіп тоғыз жыл өтіп, 2020 жылда келер, бірақ ол кезде менің қасымдағы ертегіге сенбейтіндерде биік мінбелерге барып қалар.барып қана қоймайды, «біз қырықтың қырқасына шығып қалдық, давай!қазақ тіліннің үміті келесі жастарда! 2030 жылы қазақстанды толық қазақ тіліне көшіреміз»»-деп аталары, әкелері айтқан ертегіні ұлдарына сілтей саларына күмәнім жоқ.
Иә, бұл ертегі жалғаса береді, біз қазақтар ертегі естіп, ертегіге сеніп үйренген елміз. Тағыда сол ертегілерге сенеміз..
Ал, қазақ тілін білмейтіндер ертегі тыңдағанмен ертегіге сенбейді, ертегі айта береді екен. Ал, аңқау қазақтар ауздарңнан су ағып, 22 ғасырдың жаңаша ертегілерін тыңдай беріңдер…
Ертең ертең ертеңдер…
қазақстан 2020…2030…2040…
Әлди, әлди, әлди…
Өрмекші торы
Жарияланды: Қыркүйек 8, 2011 Filed under: Медтехника әлемі-world of medical technology Пікір қалдыру »
«Қайда барсаң да Қорқыттың көрі» дегендей, қайда барсақта қазақтардың техникаға бейімі жоқ!қолынан түк келмейді!» деген сөзді естіп қаламыз.
Осы жағдай туралы «елі үшін еңіреп жүр» деген жоғары оқу орындарында сабақ беретін атағы Алатаудай ағаларыммен сөйлескенімде: «расында, қазақтар техника саласында дұрыс оқымайды,ізденбейді,қазақ тілінде техникалық материалдар тапшы» деп кінәні «оқымайтын» жастарға жаба салды. Қазақстанда техникалық мамандықты дамыту үшін ашылған жаңа мамандық саналатын «приборостроение» мамандығын бітірген бірнеше студенттен «прибор деген не?» деп сұрасам, жауап бере алмай қарап тұр. Төрт жыл сол мамандықты оқығанда сол сұраққа жауап ала алмаған. «Қазақстанға техникалық мамандық өте қажет!» деген ұранмен аты бар, заты жоқ, тіпті өмірде соны оқыған студенттер түгіл, оқытқан мұғалімдер білмейтін мамандықтарға грантті төпелеп бере бергенмен, қазақтың техникалық салада қамал алып жатқаны шамалы. Грантты төпелеп берген үкімет ертең сол техника жане технология саласын бітірген жастарға мамандығына сай сұраныс, жұмыс орны бар ма дегенді ойламағандықтан, талай жас құр диплом алып сандалып жүр.
Жарайды, таусылып қайтеміз, қалай десек те, жоғары оқу орындарынан техникалық мамандықты оқып тауысқан студент жұмыс тауып істеу барысында өз білімін жетілдіріп ,мамандығын ұштайды деп ойласақ, сервис орталықтарын монополиялап отырған қожайындар жас мамандардың жұмыс істей жүріп біліктілігін арттыруына бөгет жасайды екен. Бұған мен өзім айналыстын медтехника саласын мысалға келтірейін.
Қазақстан деп аталатын осы үлкен елде шетелден сатып алатын, өте қымбат тұратын аппараттар бұзылса, не жұмыс істемей қалса, үнемі «Мәскеуден инженер шақырдық, келмей жатыр» деген сөзді жиі естимін. Баяғы бір кездегі «Мәскеу бәрін шешеді» деген тіркес те, жағдай да алі өзгермегендей. Ал ол «мәскеулік маман» қайбір уағында келеді дейсің, кешігіп келгенімен қоймай, жолы бар, жатын орны бар дегендей, соңында әлгі аппаратты жасату өте қымбатқа түседі. Осы жағдайды көре отырып, ести отырып, «неге өзіміз оқып, өзіміз істемеске?!» деп өзім жақсы қызығатын, Қазақстанда өте көп қолданылатын медициналық аппарат шығаратын немістің бір үлкен өндіріс фирмасына хат жаздым.
«Құрметті XXX компаниясы, мен Қазақстанда тұрамын, медициналық аппараттардың инженерімін. Сіздердің өнімдеріңізге қатты қызығамын, сіздердің аппараттармен жұмыс істеу маған өте ұнайды. Мен сіздердің оқу орталықтарыңызға барып, сіздердің аппараттарға сервис жасау және қолдануды үйренгім келеді. Сіздерден өтінерім: маған сіздерде оқу-жаттығудан өту үшін, шақырту беріп жіберулеріңізді сұраймын. Егер қандайда грант болмаған жағдайда оқу ақысын менің жұмыс орыным төлесе де болады».
Араға бірнеше күн салып жауап хат келді.
«Құрметті С. мырза! Хатыңды алдық. Біздің өнімге қызыққаныңа рахмет. Әрине, сенің бізде оқуыңа болады. Біз өз өнімімізді тұтынатын елдер өкілдерін әр жыл сайын жылына бірнеше рет тегін оқу курстарына шақырып тұрамыз. көптеген мамандар біздің компанияның оқу орталығында біліктілігін арттырып, өз елдерінде жұмыс істеп жатыр. Сіз бізде оқығыңыз келсе, сіздің елдегі біздің уәкіл компания арқылы тізімделіп, біздің оқу-үйрену курсына қатыса аласыз. Біздің негізгі уәкіл компаниямыз Мәскеуде жұмыс істейді. Біз негізінен негізгі уәкіл компания арқылы мамандарды оқыта аламыз. Сізге сәттілік тілейміз».
Хаттың байыбына барсам: XXX компаниясынан алатын аппараттар бізге тағы да Мәскеу арқылы келеді екен, аппаратты біз сатып аламыз да, біздің алған аппарат есебінен мәскеулік мамандар өндіруші фирмалардың грантымен тегін оқиды екен. Ал біздегі уәкіл компаниялар сол Мәскеудің филиалдары ретінде жұмыс істейді екен. Осы кезде есіме Жапониядағы медициналық жабдықтар өндіретін фирманың халықаралық сату бөлімі менеджерімен болған әңгіме түсті.
-Бізде жапон медициналық жабдықтарын өте көп қолданамыз, бірақ Жапония еліндегі өндіріс фирмаларымен тікелей қарым-қатынас жасап отырған бірде-бір қазақстандық уәкіл компания жоқ, сіздер неге сонау Еуропа, Ресей арқылы емес, қытай жолы арқылы тікелей байланыс орнатпайсыздар ,егер солай болғанда, Қазақстанда сұраныс аз деген күнде де тек Қазақстан ғана емес, Орта Азияға өнімдеріңізді еркін сатып қана қоймай, дұрыс сервис қызметін де жолға қояр едіңіздер. Бұл әр екі жаққа да экономикалық жақтан да біздегі жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға да тиімді болмай ма? – деген сұрағыма жапон менеджері қорғалап барып жауап берді.
-Рас, ол айтқаның дұрыс, біз оны ойлағамыз. Алайда Орта Азияда, жүйеден Қазақстанда сенімді ұзақ уақытқа уәкіл болатындай компания жоқ, Қазақстандағы тендер қуған фирмалар крышасының артынан еріп, жем іздеп жүреді. Қөкесі бүгін медицина саласында болса медициналық жабдықтарды, көкесі ауыл шаруашылығы саласына кетсе ауыл шаруашылығы техникасын саудалайды. Сондықтан біз сенімді, тұрақты жұмыс істейтін Батыс, Қытай, Ресей компанияларымен жұмыс істейміз» деп жауап берді…
Немістерден Жауап хат келгеннің ертесінде XXX компаниясының Қазақстандағы уәкіл компаниясының қызметкері маған телефон шалды. «Құрметті С. мырза, сіз біздің компанияда жұмыс істемегеніңізге байланысты сіз өз ақшаңызбен де Германияға барып, XXX фирмасынан оқып біліктілік арттыра алмайсыз, ол жаққа тек біліктілік арттыруға біздің фирмада жұмыс істейтін инженерлер ғана бара алады».
Тек бұл ғана емес, бірнеше фирмалардан солай жауап алдым. Олар немістердің компаниясымен келісімге отырып, осы фирманың аппараттарын сатуды, қоюды, сервис жасауды монполиялап алған. Монополия болғасын, бәсекелестік болмағасын медициналық мекемелермен сол аппараттарға сервис қызмет көрсету үшін ойына келген бағасын қояды, қажетті запчастарға, ремонт жасауға бірнеше есе баға қояды, жоспарлы жане алдын алу сервистік қызметі толық алынып барылмайды, көбінесе келісімшарт жасап, ақша алуға көбірек мән береді. Бұған келіспесең де келіссесің, басқа таңдау жоқ. Ол медициналық мекемелер өз инженерлерін оқытып, өздері сатып алған аппараттарға өздері сервис жасай алмайды да үнемі үлкен экономикалық шығынға ұшырап тырады. Ал жаңағы уәкіл компаниялар медициналық жабдықтарды сату мен сервис жасауды монополиялап қана қоймай, жергілікті инженерлердің сол өндіріс фирмаларына барып білімін өсіріп, біліктілігін жетілдіруіне кедергі жасайды. Ал өздеріндегі кереметтей білімі болмасада «аңқау елге арамыза молла» болып Инженер атанып ананы-мынаны шұқып ақ жоғары айлық алып алшаңдап жүргендер жетерлік. Өздері бір бірінің аузына түкіріп қойғандай айтатыны: «я все знаю» мен кездестірген ұлттардың ішінде «мен бәрін білемін!» деп білседе білмеседе есе бермей, өзін ғана көтермелейтін халықты кездестіріп көргенім осы.
Мақаланы оқып отырып, кейбіреулер «мынау тек енді қалыптасып келе жатқан медтехника саласы, ал басқа техника саласында қазақтар толып жүр» дейтін болар. Бірақ басқа салада да қазаққа даңғыл жол ашылып тұрған жоқ. «Мамандардың біліктілігін жетілдіріп жатырмыз!» деген ұран үшін шетелдік компаниялар бір-екі аптаға «семинар» деп ат қойып шетелге шығарады. Алайда ол “семинары” экскурсиядан ары аспайды. Бұл жағдай мұнай-газ жане басқада табиғи байлықты игеріп отырған шетелдік алпауыттардың көзбояушылық «семинары». Шетелге барып қыдырып келген бір аптамен маманның біліктілігі өспейді. Қазіргі Батыста болып жатқан талас-тартыстың көбі жергілікті мамандарды шетқақпайлап, оқытпай, біліктілігін арттырмағандықтан туындап отыр. Соның салдарынан шетелдік жұмысшылардан неше есе аз жалақы алған қазақ ереуілдетіп жатыр…
Осы жағдайды білсе де білмеске салған кей ағаларымыз «Қазақстан индустриялды-инвестициялық елге айналып келеді, алға!» деп ұран салып алып, тағы да қазақ тілінің өз елінде өгей күй кешкеніне ашынып, Елбасына жиналып хат жазып, болмаса жақ-жақ болып дін туралы бітпейтін айтыс-тартыс жасайды. Алайда өзгеріп жатқан ештеме жоқ. Техникалық өндіріс пен сервис саласында қазақ жастары өз елінде өз-өзіне қожа бола тұрып өз сапасын жоғары көтермей, өз басымдығын орнатпай, қазақ тілінің де өрісі кеңейіп, мәртебесі өспейді. Қолынан іс келетін ағалар алдымен жалпы ұраннан гөрі қазақ жастарының техника саласында жол табуына қолғабыс тигізіп, маңызды салаларды игере бастаса, біз де бір қадам алға жылжыр едік.
Қорытып айтқанда, жоғары оқу орнынан тартып, жұмыс тауып, біліктілік арттыруға дейінгі аралықта қазақтың жаңа техникалық саласындағы жастардың көретін күні, басып өтер жолы – тар да тайғақ жол. Жан- жақтан өрмекшінің торындай аяғыңа оралғы болатын кедергілер қадамыңды аштырмайды. Қайда барсаң алдыңнан өз торын жайып, өрмегіне орап, жеміне айналдырғысы келетін дәу, жат өрмекшілер кездеседі, бір жібін тартсаң – бүкіл торы қозғалады…
Ал әзірге қазақ жігіттері шикізатқа ие болып, әкімшілік басқаруды игеріп, креслода шалқайғанымен, жаңа техника мен технология саласында үлкен өрмекшідей ептілікпен ерінбей өз өрмегін құрып, тарам-тарам жаңа техникалық сервис саласын меңгеріп отырған жоқ…
Қазақстан техника саласы қазақ өрмекшілерін күтіп тұрмайды…
Көне қожайын мен Жаңа қожайын
Жарияланды: Тамыз 31, 2011 Filed under: Қоламта 1 пікір »
Қазақ елінде болып жатқан соңғы кездегі уақиғалар ойымды он саққа жүгіртеді…
Мәдениет министірлігі дайындаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы жалпақ елге жария болмай жатып «Мемлекеттік органдарға мемлекеттік тілде жүгінуге міндетті» деген бір сөйлем сөзге жабысып алған орыстар мен орыс тілді жұрт қолдарына от алып интернет әлемін шулатып кеп жіберді…
Тіпті қызды-қыздымен кейбір кеудесіне нан піскен орыс-славян ұйымдары «қазақтарда ешқашан мемлекеттік болмаған-мыс», орыс келіп орнығып қала салып, жол салып бермегенде біз түйемен көшіп жүре береді екеміз… Сондықтан да, олар осы жердің иесі, мемлекет құрушы ұлт болып саналады екен. Сондықтан да, біздің мемлекеттік тіл туралы заң шығарып, орыс тіліне «қысым» жасауымыз барып тұрған оңбағандық саналады екен…
«Еріккен орыс ойына келгенді істейді» деп атам қазақ айтқандай, қазақтың елінде, жерінде отырып, елге, тілге құрмет етіп, тату-тәтті бірге тұра бергеннің орнына шаңыраққа қарамай ойына келгенін айтып, ақпарат құралдарын шулатып жатқанын ойлағанда есіме көне қожайын мен жаңа қожайын туралы әңгіме түседі…
….Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары, елге ел қосылып жатқан кез. Алтайдың арғы бетінен елге келіп орын теуіп жатқан кезіміз болатын, жер жәннаты саналатын жетісудан сатып алатын үй іздеп жүріп Ресейге, еліне қайтқалы жатқан бір орыстың үйін сатып алатын болып келістік. Үйдің бұрынғы қожайыны ұзақ жыл тұрған мекенін, үйін қия алмай қиналып жүргендей болды, тіпті ауладағы әр ағаштың қалай егілгенін, кім еккеніне дейін айтып бір мезет өткен күннің елесіне ерік беріп көз жасын сығымдап алды, үйге тақала өскен алып теректі әкесі еккенін, жетпіс жылдан бері үйін үш рет жаңадан салса да әкесінің қолтабы қалған осы алып терекке балта тигізбей сақтап келіпті, бізден де осы терекке тимеуді өтінді…
Алысқа көшетін үй қожайыны алып терекпен қоса тайсон деп аталатын алып овчаркасын да тапсырып тастап кетті. Тайсон біз көріп өскен қазақы төбеттерге қарғанда өте ақылды болып шықты, иесі қандай бұйрық берсе соны орындайды, жат десе жатып, үр десе үретін бұл тайсонды иесі қимай-қимай амалсыз жат қазаққа тапсырып кетті…
Міне, жетпіс жыл жүнді қол дәусары үстемдік етіп келген бұл аумаққа жаңа қожайын орыстай алып болмаса да, жинақы қара шал менің әкем үстемдік жүргізе бастады…
Алдымен орыстың қорыс болып жатқан құмыралары мен баклашкаларының көзін құртып, темір терсектерін жоғалтты, үйдің іші- сыртына шыт жаңа ремонт жасап, әктеп, арша тұтатып иіс-қоңысын кетірді. Жаңа қожайын өз ыңғайына келмеген барлық жерді өзгертіп өз қалауынша жасаудан тайынбады, қызды-қыздымен іші кеуектеніп, боран соқса құлап үйді басып қалғалы тұрған алып теректі де турап-турап құртып тынды…
Жансыз затты өзіне оңай бағындырғанымен жаңа қожайынға «Тайсон» оңай бағына қоймады, тіпті үйден кіріп шыққанда бәрімізге арсылдай үріп, шынжырларын салдырлата, азу тістерін ақсита шабынып зәремізді алды. «Шық! Шық!» деген қазақы сөзді ұғатын Тайсон ба ?
Тіпті өз үйімізге ерте-кеш келудің өзі қиынға айналып кетті, ас құюға барған шешеме жүгіріп қауып та ала жаздады…
Бірақ орыс итінің тосын мінезі жаңа қожайынды састырмады, алдына ас беріп, сыйлағанды білмеген алып овчарканың тұмсығына қатқан қазықпен тарыс еткізді да, «қаңқ» еткізіп еркіндікті қадірлемеген долы тайсонның он құлаш темір шынжырын қысқартып байлады, өзіне ырылдай ұмтылған тайсонға «жат!» деп ақырып қалды. «Өзіңнен зор шықса, екі көзің сонда шығады!» дегендей жаңа қожайынның басқаша бұйрығын алғаш рет түсінген «Тайсон» қыңсылап жата кетті.
Сол күннен бастап үйге қашан келсек те арқаны қысқарған ашулы овчарка алыстан арсылдағанмен ешкім оны елемейтін болды, тіпті бірте-бірте қазақы бейғамдыққа салып итке ас құюды да ұмыта бастадық.
Күндер өтіп жатты, әбден ашыққан овчарка алғашқы арыны қайтып, енді арсылдап үре бергенді қойып үйден шыққан адамға құйрығын бұлаңдата бастады…
Өмір бір орында тұрмайды, мен жұмыс бабымен басқа қалаға кеттім, араға алты ай салып үйге келдім, бірінші көргенім мені күтіп жолға қарап тұрған әкемнің қасында бір кездегі ашулы тайсон шоқиып отыр, мені көріп үре бастап еді, әкем «тәйт! бар үйге !» деп зілсіз бұйрық беріп еді, құйрығын бұлаңдатып үйге қарай жүгіре жөнелді…
Мен кеткендегі үйдің көрініс келбеті бәрі өзгерген, аулада бірнеше оюлы сырмақтар жаюлы тұр, кесіліп кеткен алып теректің түбірінде құлағын қайшылап көкжал ат кіснейді…
Байқаймын, Алтайдың қара шалы осы аулаға әлде қашан үстемдігін орнықтырған сыяқты..
Менің көзіме қуаныштан жас іркілді.
«Біздің қазақ өз елінде өзінің қожайын екендігін қашан мойындатар екен!» деген ауыр ой келді басыма….
Қалың мал төлейтін мемлекет басшылары
Жарияланды: Тамыз 17, 2011 Filed under: Екінші байлық ақ-жаулық Пікір қалдыру »
“Қытай күйеужігіттеріге солдаттар жан-тәнімен қызмет етуде
Соңғы кезде баспасөзде «аралас неке» туралы көп көтеріліп жүр. Алайда аралас неке туралы айтылғанда неміс пен қазақ, орыс пен қазақ туралы айтылмайды да жазылмайды. Себебі: олар қазір қазақтың бір тайпасы сияқты сезіліп кеткелі қашан! Бірақ ертең сол аралас некеден туған жиендер қазақ елін өзі елім деп танып, қазақ елін, қазақ мемлекеттігін мойындаса болды да. Осындай аралас некеге ешқандай қаламгерлердің де, қара халықтың да, ханның да қарсылығын болмаса теріс лебізін естімедік. Тіпті өткен жылдарда Елбасы жас офицерлерді қабылдағанда бір неміс жігіті қазақша «мен қазақ қызына ғашықпын, бірақ ол қызбен үйленейін десем қазақтар қалың мал алады екен, соған көмектессеңіз Нұреке!» деп қарап тұр…
Әрине Елбасы оған не десін! Қалың малын өтеп, сол қызды алып беретіні туралы уәде етті…
Алайда, «қалыңмал төлейтін» мемлекет басшысы бізде ғана емес екен. Қытай халық республикасы да бейресми түрде шетелден әйел алған қытай азаматтарына «қалыңмал» төлеп сол азаматтың сол жат елде үйленіп, жер иеленіп, бала-шағалы болып, сосын арт жақтағы туыс туғандарын шақырып алуына экономикалық жақтан көмек береді екен. Тіпті кей қытай азаматтарының айтуынша Европада, орта азияда, Африкада үйленіп, азаматтық алуға қытай үкіметі әртүрлі ставкадағы қаржылай көмек береді екен. Соның ішінде ең жоғары көмек Европа, Америка, Австралия құрлығына берілсе ең төменгі қаржылық көмек Орта азияға беріледі екен. Қаржылық көмек екі түрде беріледі: бірі тікелей ақшалай көмек, екіншісі өсімсіз кредит негізінде.
Осындай өз елдерінің «қалыңмал» беріп қолдап, қолпаштауының арқасында қытай азаматтры жаппай шетелдік қыздармен үйленіп, сол елде азаматтық алып, тез көтеріліп, сосын арт жақтағы туыс-достарын тартып алып жатыр…
«Құдалық саясаты» қытайдың ежелгі аз ұлттарды басып алудың, өзіне қаратудың үлкен тәсілі болған. Бірақ ол кезде жасау жабдығымен, құл-қотандарымен өздерінің ханшаларын берсе, қазір сол қытайдың құл-қотандары басқа елдің «ханшаларына» қол салуда…
This slideshow requires JavaScript.
қытай құл-қотандары қарамаржан “ханшалар”мен бірге…
Қазір қытай елі иегінің астындғы Орта азияны қойып, сонау алыстағы Афирика елдерінде қызу үйленіп, азаматтық алып жатыр. Африканың қара маржандай кербез сұлулары тәитік қытайлардың қолтығында кетіп жатыр…
Бинладен тірі кезінде “қытайға соқтығуға болмайді!” деген екен.
Жарияланды: Тамыз 15, 2011 Filed under: күлген күле жетер... 4 пікір »
Бинладен тірі кезінде “қытайға соқтығуға болмайді!” деген екен.
үйткені қытайға жіберген Әл-хайда ұймының жеті Лаңкесінің тағдыры төмендегідей болған екен., :
Бірі: Бейжіңдегі Шижымын аспалы көпірінен көлікке отырмақшы болғанда адасып кетіпті.
Бірі:: Шаңхайда қоғамдық көлікке шығып озін өлімге байлап,жарылыс жасамақшы болғанда автобустің есігінен қыстырылып шыға алмай қойыпты…
Бірі:: Ухан қаласында ерен базарды қопармақшы болғанда,жарылғыштың алыстан меңгергішін ұрылар ұрлап кетіпті..
бірі: Хыби өлкесінде жарылыс жасап,жүзге тарта адам өлтіріп,Әл-хайда ұйымына қайтып барыпты.алайда бұл хабарды Хыби үкіметі бір жылға дейін жасырып таратпай қойғандықтан Әл- хайда ұймы лаңкесті сатқындық,алдамшылық істеп,өтірік айтты деп тауып,ө дарыға асып өлтіріпті…
бірі: Гуаңжуға келіп пойыз станциясын жарғалы тұрғанда жанкештіні көрген тонаушылар оның жарылғыш заттарын асыл бұйымға балап тонап кетіпті…
бірі: Ши-ан қаласына келіп енді жаратын жер іздеп жүрген жанкешті есінен танып жығылып қалыпты.оны қараған дәрігерлер оны сапасыз азық түліктен уланған жане жалған арақ ішкен деген қортындыға келіпті…
ең соңында Бинладин ашуланып әйел лаңкесті жіберген екен Хайнан аралында алдауға түсіп,тән саудасымен айналысып кетіпті…
осы жағдайлардан кейін Әл-хайда жетекшісі “қытайға соқтығуға болмайді екен!»деген қортындыға келіпті…
senkazahk
Рәбия Қадыр: «Ұйғырлар не бостандық алады, не қырылады»
Жарияланды: Тамыз 10, 2011 Filed under: Қоламта Пікір қалдыру »
Ұйғырлардың қуғындағы жетекшісі Рәбия Қадыр.
Мұхаммад ТАХИР
Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының оңтүстігіндегі ұйғыр-ислам мәдениетінің екі тарихи орталығы Қашқар мен Қотан жуырда ұйғырлар мен хансулар, яғни қытайлар арасындағы қанды қақтығысқа куә болды. Осы жағдайға қатысты Азаттық радиосы шеттегі ұйғыр саясаткері Рәбия Қадырмен сұқбаттасқан еді.
Қашқар мен Қотандағы ұйғыр белсенділері «қытайлық репрессияға» байланысты өкпелерінің қара қазандай екенін, өздерінің туған өлкесіндегі үлес салмағын азайту әрекеті жүріп жатқанын айтады.
Ал Бейжің ұйғырларды сепаратизм мен терроризм айыптары бойынша кінәлі етіп, қауіпсіздік мақсатында күшпен басу арқылы тәртіпсіздіктің алдын алуды бұйырады.
БҰЛ – «5 ШІЛДЕ ҚАҚТЫҒЫСЫНЫҢ» ЖАЛҒАСЫ
- Соңғы кезде Шыңжаңда зорлық-зомбылыққа себеп болған оқиғалардың саны көбейіп отыр. Осыншама қантөгіске не себеп болды және осы оқиғалардың барлығы өзара байланысты ма?
- Иә, олардың бәрі өзара байланысты оқиғалар. 2009 жылғы шілденің 5-і болған оқиғалар барысында (Үрімшідегі хансу қытайлар мен ұйғырлар арасындағы қақтығыс – Азаттық) шамамен 10 000 ұйғыр тұтқындалды. Төрт-бес мыңға жуығы із-түссіз кетті. Тағы төрт-бес мың адам өлім құшты. (BBC жариялаған өлгендердің тізімінде шамамен 200 адам бар –
Үрімжідегі ұйғыр әйелі полицейдің жеңіне жармасып тұр. Қытай, 7 шілде 2009 жыл.
Азаттық). Жуырдағы оқиғаларға қатысқандар өлген адамдардың туыстары деп ойлаймын. Мұның ірі, қайғылы оқиға болғанына қарамастан, ешкімнің де ерекше алаңдағаны байқалмады. Қытай басшылары әлі күнге дейін адамдарды тұтқындап жатыр. Тұтқындалғандардың саны енді 10 мыңнан шамамен 70 мың адамға дейін артып отыр.
Жоғалып кеткендер мен жоғалып жатқандардың саны айтарлықтай өсіп отыр. Басшылар Қотанда азаматтық киімдегі әскерилер мен әскери киінген адамдарды ұйғырлардың үйлеріне жіберіп, түрлі іс-әрекетке көшкен. Олар отбасының еркек кіндікті мүшелерін әкетіп, оларды азаптап, 5 шілде оқиғалары жайлы не білетіндерін және оларға қатысқан-қатыспағандары туралы сұрақтың астынан алып жатыр.
Ұйғыр халқы 5 шілде оқиғаларынан кейін Қытай үкіметі өзінің саясатын өзгертіп, оларға оң қабақ танытар деп қатты үміттенген болатын. Сол себепті біз жуырдағы зорлық-зомбылық 5 шілде қақтығыстарының жалғасы деп айта аламыз. Меніңше, Қытай ұйғырларды өлтіруді жалғастыра береді, ал ұйғырлар айтқандарынан қайтпайды. Қытай өзінің саясатын өзгертпейінше, олар дегендерінен қайтпайды.
- «Ұйғырлар айтқандарынан қайтпайды» дегенде, сіз нені меңзейсіз? Олар не істемек?
- Мұның астарында, ұйғырлар өлімге душар болады деген ой жатыр. Себебі олар, «сендер бізді онсыз да еш себепсіз өлтіріп жатырсыңдар. Олай болса, сендерге қарсы күресте неге өлім құшпасқа?» дейді. Олар
бостандық алады, не өледі. Олар қорлықтан өлгенше, осы жолды таңдауды жөн көрді.
- Қытай үкіметі жуықта болған қақтығыстарды Пәкістандағы жауынгерлер дайындаған бірнеше экстремистік мұсылман басқарып отыр деп сендіреді. Сіз бұған не жауап қайырасыз?
- Мұнысы – жала, бұл – 100 пайыз өтірік. Мұны Қытай үкіметі, қытай халқы, ұйғыр халқы мен бүкіл әлем журналистері болып, бәрі біледі. Мәселе мынада: осы зорлық-зомбылықты іске асырған адамдар жай ғана қытайлардың қолынан зардап шегіп, бұған одан әрі төзе алмағандар. Қытай үкіметі 5-6 адамды қамауға алып, олардың исламшылармен және пәкістандық лаңкестермен байланыстары барын мойындауға мәжбүрлеген сияқты. Осынау жалған оқиғаны олар дәл осылай ойлап тапқан. Қытай басшылары бұл әдісті менің үстімнен де пайдаланған. Тұтқындалғандар осы қылмыстарды «мойындарына алады» да, соңыра олар «мойындағандары» үшін өлім жазасына кесіледі. Айыптардың барлығы түгелімен жалған. Не болса да [бұл әрекеттер] Қытай үкіметінің саясатына деген наразылық.
«ЖЕРІ МЕН МҮЛКІ ТӘРКІЛЕНІП ЖАТҚАН ҚАЗАҚТАР ДА КӨТЕРІЛЕДІ»
- Шыңжаңда енді не болады дегенге қатысты болжам айта аласыз ба?
- Осы іспеттес оқиғалардың аяғы басылмайды. Қытай мұны лаңкестік деп атап, ұйғырларды осы сылтаумен өлтіре беремін деп ойлайды, бірақ ол үлкен қателік жасады. Ұйғырлар бірте-бірте Шыңжаңның ішінде және одан тысқары жерде көтеріле бастайды.
Егер бәрі де осылай жалғаса берсе, онда Қытайдағы қазақтар да көтеріледі, себебі олардың да жерлері мен мал-мүліктері тәркіленіп жатыр, олар да
Қытайдағы моңғол жастарының қауіпсіздік күштерімен қақтығысы. Қытай, Ішкі Моңғолия, 27 мамыр 2011 жыл.
тығырыққа тығылып отыр. Егер бәрі де осылай жалғаса берсе, моңғолдардың да көтерілуі мүмкін. Іс бізбен тынбайды. Бұл құбылыс кең етек жаяды.
Күшті қысымының арқасында Қытай үкіметі ұйғырларды қауіпті амал-шараларды қолға алуға итермеледі. Меніңше, ұйғырлар қандай қадамға барса да, оларын лаңкестік деп атауға келмейді. Өздерінің тіршілік қамы үшін күрескен адамдар қолынан келген кез-келген әдісті пайдаланады. Сондықтан мен мұны бостандық үшін күрес деп атаймын. Мен мұны халық пен үкімет арасындағы күрес деп түсінемін.
Екінші дүниежүзілік соғыста жапондықтар Қытай құрлығының біраз жерлерін жаулап алды. Олар қытай халқын қырып отырды, осыған жауап ретінде олардың көзін құрту үшін қытайлар автоматты қару мен бомбаларды қолданды. Қытайлардың осы әрекеттерін лаңкестік деп бағалауға бола ма? Ұйғырлар дәл осындай жағдайда.
- Ұйғырлардың шағымдарын қанағаттандыруға қатысты Қытай үкіметінен не сұрадыңыз?
- Мен Қытай үкіметін осында келіп, келісім жасап, мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырдым. Сонымен бірге, Қытай үкіметіне арнап хат жаздым. Хатымда Қытай басшыларынан тұтқындаған адамдарын босатуды, қантөгісті тоқтатуды, ұйғырларға адамгершілік тұрғысынан, әрі тең
дәрежеде қарауды өтіндім. Әйтпесе жанжалдың басталатынын ескерттім.
Олардың жауабы «ұлттық сепаратистер мен лаңкестердің жетекшісінің сөзін тыңдамаймыз» дегенге сайып келді.
Ол кезде мен әлдебір зорлық-зомбылықтың дүмпуі жақындағынына бола алаңдаған едім. Олар – менің халқым; біздің қанымыз бір.
Естеріңізге салуға рұқсат етіңіздер, Қытай басшылары үшін кезінде мен сыйлы адамдардың бірі болғанмын. Ол басшыларға төзімімді тауысатындай түртпектей бермеулерін сұрағам. Бірақ олар қолдарынан келгеннің бәрін жасады. Балаларымды тұтқындады, мүлкімді тәркілеп, менің бет алысымды тежеу үшін барлық әдістерді қолданды.
Бүгін менің халқым тура осындай жағдайда. Бірақ мен әлі де Қытай басшылары ар-ұяттарын сезініп, тез арада тұтқындалған ұйғырларды босатады, оларға жылы қабақ танытып, олардың тең құқықтарын мойындайды деп үміттенемін. Сонымен бірге, олар тез арада ұйғырлардың бар тәркіленген жерлерін өздеріне қайтарып, зорлап қоныс аудартқандарын туған өлкелерінде өмір сүру үшін қайтып оралуға рұқсат етеді деп үміттенемін.
Оның үстіне мен Қытай үкіметі құпия түрде өлтірткен барша ұйғырлардың аттарын жариялап, ұйғыр халқының алдында кешірім сұрауын, халықаралық қауымдастықтың алдындағы кінәсін мойындауын талап етемін. Осының бәрі орындалса, ұйғырлардың тоқтауы мүмкін.
«БІЗДІ ТҮСІНГІСІ КЕЛМЕЙТІН ҚЫТАЙЛАРМЕН БІРГЕ ТҰРА АЛМАЙМЫЗ»
- Мен бұл арада екі түрлі талапты көріп отырмын: біріншіден, сіз Қытай үкіметінің ұйғырларды қудалауын тоқтатуын, көшірілгендерінің туған жерлеріне қайтып келулеріне рұқсат беруін, олардың тәркіленген жерлерін қайтаруын және олардың тең құқықтарын мойындауын қалап отырсыз. Бірақ тағы басқа талабыңыз – тәуелсіздік. Сонымен, қайсысын басты талап деп санайсыз?
- Қытай үкіметі ұйғырларға адамгершілікпен қарамайды. Ұйғырлар қытайларға сенбейді, тәуелсіздікке қол жеткізбейінше, айтқандарынан қайтпайды. Алайда, ұйғырларға қатысты Қытай үкіметінің саясаты өзгерер болса, қазіргі зорлық-зомбылық саябырсиды. Сол кезде біз

Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы бейнеленген карта. Қытай, 7 шілде 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
тәуелсіздік мәселесін диалог арқылы шеше аламыз. Бұл диалогтың негізінде халықаралық нормалар мен ұйғыр халқының мүддесі жатпақ. Ұйғыр халқының айтқандары мен таңдауларын ескере отырып, біз осы мәселені көтереміз.
- Ұйғырлар мен қытайлар бір жерде тұрып, бейбіт тіршілік ете ала ма?
- Басқа кімдермен бірге тұрсақ та, қытайлармен тұра алмаспыз. Себебі Қытай үкіметінің өзі жағдайды осылайша ушықтырды. Қытайлар 1949 жылы Шығыс Түркістанды жаулап алғанда, ол жерде 13 түрлі ұлт мекен еткен. Олар қазақтар, қырғыздар, өзбектер, татарлар, моңғолдар мен ұйғырлар еді. Бұлардың бәрі – туыс, әрі осы жерге тамыр жайған халықтар. Халықтың қалған бөлігі қоныстанушылар болатын. Сол кездері хансу қытайлар жергілікті тұрғындардың тек 2 пайызын құраған.
Демократиялық көзқарас ұстанған, ақыл тоқтатқан қытайлар да бар ғой. Егер осындай қытай интеллигенттері басқаларды тура жолға бастаса, бірге өмір сүру мүмкіндігі туар еді.
Егер Шыңжаңдағы қытай халқы ұйғырларды қолдаса, өз үкіметінен: «Бұл адамдарға қылғандарың не? Осы жер – олардың ата қоныстары ғой, неге осылай істеп жатырсыңдар?» деп сұраса, ұйғыр халқының құқықтарын қолдап жатса – бірге тұруымыз ықтимал болар еді. Қытай халқы не үшін олай қолдауы мүмкін? Менің жауабым – олар да ұрыс-керіссіз өмір сүргенді қалайды.
Ұйғырлар бейбіт күн кешпейінше, өздері де тыныш тіршілік жасай алмайтындарын біледі. Мұны түсінген кезде олар да біздің қатарымызға қосылады.
Азаттық Радиосы
Айтайын жарапазан елімізге!!!
Жарияланды: Тамыз 4, 2011 Filed under: Қоламта 4 пікір »![]()
Ассалаумағалейкум Мұсылман қауым, ораза айт қабыл болсын! Айлардың сұлтаны-Рамазан айында қылған амалдарыңыз, жасаған құлшылықтарыңызды Алла қабыл етсін!
Құдайғай тәуба, еліміз тәуелсіздік алғалы «өшкеніміз жанып, жоғалтқанымыз табылып» ата салтымызға, дінімізге, ділімізге оралып жатырмыз.
Әу бастан ислам діні қазақтың тұтас тұрмысымен, салт-дәстүрімен бітте қайнасып кеткені сонша, қазақтың ауыз әдебиетінің тұрмыс- салт жырларының бір бөлімі болып жарапазан қалыптасты.
Ел ішіндегі діни білімі бар жыршылар Алланы мадақтап, мұсылманның бес парызының бірі боп табылатын оразаның маңызын, басқа да мұсылмандық шарттарды жырмен кестелеп жеткізіп отырған. Міне, бұл-жарапазан деп аталады.
Жарапазан көшпенді қазақ халқында белгілі деңгейде дінді кеңінен дәріптеуде, бала-шағаны жастайынан құлағына шариғат қағидаттарын үйретуде үлкен рөл атқарған.
Түн ортасынан сәресі ішкенге дейін киіз үйдің жабығынан, там үйдің терезесінен келіп алдымен жарапазан желдірмесін, сосын жарапазан сөзін, сосын жарапазан батасын айтады. Жарапазан желдірмесі басында негізінен үй иесін ұйқыдан оятып, келесі жарапазан сөзіне дайындаса, жарапазан сөзінде негізінен барлық негізгі дін тақырыбы қозғалады. Ал, жарапазан батасында сол отбасына разылық бата беріледі. Жарапазан айтқан жарапазаншыға үй иесі оянып, беліне ақтық байлап, дәм ұсынып, разы қылып шығарып салған. Жарапазанды үлкендерден үйренген ауыл балалары да жаттап алып, топтасып кешке ел орынға отырған шақта ауыл аралап жарапазан айтқан.
Ұмытылып бара жатқан осы салтымызды еске ала отырып, бала кезімізден естіп өскен жарапазанның бір нұсқасын жолдап отырмыз…
Жарапазан желдірмесі:
Үйің үйің үй екен,
Үйдің көркі ши екен.
Саба көркі бие екен,
Сандық көркі түйе екен.
Ақтөбедей көрінген,
Қандай байдың үйі екен !
………………………………
………………………………….
Сосын жарапазан сөзіне келіп жетеді.
Айтайын айт дегенде жарапазан,
Бір келген он екі айда ораза иман!
Ассалаумағаликұм, дәуіт ғалам,
Ағаға осы үйдегі бердік сәлем.
Ағаға осы үйдегі берсек сәлем,
Сәлемді қабыл көрсін хақ Тағалам!
Меккеде бір ағаш бар иіп тұрған,
Мәуесі жер мен көкке тиіп тұрған,
Ораза намазыңды күтіп барсаң,
Алдыңда Нұрмұхаммет күліп тұрған.
Мінгені Пайғамбардың жирен дейді,
Намазды он екіңде үйрен дейді.
Намазды он екіде үйренгесін,
Тіліңе қызыл істік түйрелмейді.
Меккеде бір ағаш бар іші қуыс,
Ораза намазыңның несі жұмыс.
Ораза намазыңды күтіп барсаң,
Бейіштен құрма жейсің уыс-уыс.
Меккеде бір ағаш бар иіп тұрған,
Бұтағы жер мен көкке тиіп тұрған.
Ораза намазыңды тұтып барсаң,
Алдыңда Нұрмұхаммет күліп тұрған.
Біреуі бес намаздың таң намазы,
Оқыған тал түстегі қай намазы.
Ораза намазыңды күтіп барсаң,¬
Терісі шұбар киіктен-жайнамазы.
Біреуі бес намаздың бесін біл тек,
Аллаға оқыдым деп қылма міндет.
Аллаға оқыдым деп қылсаң міндет,
Алдыңда дайын тұрар екі жендет.
Біреуі бес намаздың екінтіні,
Үстінен жалғыз қылдың секіртеді.
Қылмысың ол дүниеге жақпай барсаң,
Барғанда ахиретте өкіртеді.
Біреуі бес намаздың ақшам намаз,
Қойыңдай алдыңдағы бақсаң намаз.
Намазды әр уақыт қылсаң қаза,
Тартасың ахиретте өзің жаза.
Біреуі бес намаздың Жашихты,
Білген адам тартады тәспиықты.
Ораза намазыңды күтіп барсаң,
Алдыңда періштелер бас иіпті.
Мұхаммед үмбеті айтқан жарапазан,
Бір келген он екі айда ораза иман.
(әр шумақтан кейін қайырма қайталанады.)
Жарапазан сөзінен кейін жарапазан батасына келіп жетеді.
Үйіңіздің артында шатыр болсын,
Балаңыздың үлкені батыр болсын.
Жау жағадан алғанда, бөрі етектен,
Балаңның батырлығы татыр болсын!
Айтайын жарапазан есігіңе,
Ұл берсін қошқардай ғып бесігіңе.
Ұл берсе қошақардай ғып бесігіңе,
Береді Аалла бірге нәсібін ед.
Айтайын жарапазан есігіңе,
Қыз берсін құндыздай ғып бесігіңе.
қыз берсе құндыздайғып бесігіңе,
Береді алла бірге нәсібін де.
Аллаху әкбар,
-деп бет сипайды.
Кеңес одағының «ұрлалған» атом бомбасы
Жарияланды: Шілде 29, 2011 Filed under: Қоламта Пікір қалдыру »
1945 жылы мамырда фашистік Германя тізе бүгу келісіміне қол қойып, шілдеде АҚШ Ангыля, Қытай қатарлы елдер жапоняны тізе бүгуге үгіттейтін «Бостан малімдемесі» ін жарялағанда бұл малімдемеге мұрнын шүйірген жапоня үкіметі бастарына төнген «дамоклл семсерын» байқамаған болатын. Тамыз айының 6-жане 9-күндері жапоняда жарылған
2 атом бомбысы екі бірдей қаланы жермен жексен етіп, күлін көкке ұшырған кезде жапоня үкіметіның шартсыз тізе бүккенін дүйім жұрт білгенімен «қалтарыста қалған» 3- атом бомбысын коп ел біле бермесе керек.
Жәрті ғасырдан көбырек уақыттан беры АҚШ пен Кеңес одағы осы тақырып жөніндегі аңгімелерден тайсақтап жұмған ауыздарын ашпай келды. уақыт өткен сайын кезіндегі құпя құжаттардың жәрия етілуі, басы қасында болғандардың жазған естеліктері жапоняға тасталған 3-атом бомбасының құпялығын ашты.
жаряланған маліметтерге қарағанда жапоняның Гуаң дау , Чаң чи , жане Шяусаң деген жерлерыне жару үшын АҚШ жақ атом бомбасынан үшеуін дайындаған. 6-кұны гұаң дау қаласында 1-атом бомбасын жарған а.қ.ш тықтар ,іле шала тамыз айының 9-күні 2-3-атом бомбаларын Шяу саң жане Чаң чи қалаларында жаруға бомбалаушы ұшақ жібереді. олар Шяу саң ауданының кеңстігінде келгенде ауарайы аяқ астынан бұзылып,жер бетін көруге болмайтын соқыр тұман толағандықтан 45минут мөлшерінде айналып жүріп,бұйрық бойынша Чаңчи қаласына қарай ұшады.бомбалаушы ұшақтың атом бомбасын тиеп алып,жерге қайта қонуы қауіпті болғандықтан ұшқа отретіне екі бірдей атом бомбасын Чаңчи қаласында жару туралы бұйрық тапсырады…
АҚШ жақтың тұрақтандырған жарылыс дәрежесі мен Жапоня жақтың маліметіне негізделгенде ,тасталған екі бомбаның
біреуі жарылмай қалған. оны дереу қолға тұсырген жапоня үкіметі ғалымдарын жйып, оны қалай жаруды зерттемекші болғанымен
соғыс өрты жалмап,ғылми зерттеу орындары қирандыға аиналғандықтан оған амал табылмаиды. Германяның жеңілістен соң отарға айналғанынан хабардар болған Жапоня Үкіметі елінің отарға айналып, талан-таражға түспеуін алғы шарт ете отырып бомбаны кеңес одағына тапсырып береді. тізе бүгу келісімі кезінде жапоня жаққа кейбір «жеңілдіктер» жасауға уәде берген
кеңес одағы «көктен тілегені жерден табылып» осы бомбаны 1949-жылы тамызда «сәтті түрде» жарады.
Осы жаңалықты естіген АҚШ приздентті Турмен естен тана жаздайды. Үйткені атом бомбасын зерттеп жасауға 500мың адам жұмылдырып, жеті жыл уақыт жұмсап, 2.3миллярд доллар сарып еткен болатын. Ал соғыстан енді ғана есін жиып,ішер ас,киер киім үшін жанталасып жатқан кеңес одағы үшін айтқанда қысқа ғана уақыт ішінде өз күшіне сүйеніп атом бомбасын жасау жане жару мүлде мүмкін емес еді…
Комунистік лагерде тұңғыш рет атом қаруын жарып АҚШ пен «терезесі» теңелген кеңес одағы « дайын асқа тік қасық» болғанын күні бүгінге дейін жасырып келіпті…
Ал ауруын жасырған өледі дегендей көптеген жетістіктерді чекситері арқылы қолға түсірген кеңес одағының «өтіріктің құйрығы бір ақ тұтам» болып шаңғырағы шайқалып ортасына түсіп,отарланған аз ұлттар тәуелсіздік алды…
Бырақ сол кеңес “атамыздан” жұққан өтірігімізді сүйретіп әлі келеміз….
БІР ТАҚЫРЫП – ЕКІ АҚЫН
Жарияланды: Шілде 21, 2011 Filed under: Қоламта Пікір қалдыру »БІР ТАҚЫРЫП – ЕКІ АҚЫН
Мен екі ақынды үнемі іздеп жүріп оқитынмын. Екеуінің де беталысы жаман емес-тін. “Оң” мен “солсыз” өмірдің мәні жоқ қой, рас. Бірі сынаса, бірі мадақтаса көз алдыма пойыз жол (рельс) елестейді. Пойыз осы екі рельстің біреуінсіз қозғала алар ма еді?.. Жоқ! Ұларбек пен Бауыржан алашшыл ақындар. Екеуінің де өлеңінде тірі суреттер елестейді… Ендеше екі ақынның бір тақырыпта жазған екі түрлі өлеңіне кезек берелік.. (Ескерту: Бұл жазбамды Халық сөзі және Жас Қазақ үні газеттеріне жолдап едім, шықпай жатыр. Кез келген газет журналдарға басуға рұқсат. Екі ақынның өлеңдерін мерзімді басылым беттерінен алдым).
Нұрзия Есмағамбет.
ҰЛАРБЕК ДӘЛЕЙ
ПЕРҒАУЫН
Египет моласын Есілге көшірген,
Есіл Ғұн рухын санамнан өшірген.
Перілер ізінен тозаң боп тараған,
Түн келсе түсіме кіреді зобалаң.
Қанжарын кезеген Мұсаға, Һаронға,
Табынған ешкіге, табынған адамға.
Ғасырлар қанының дағындай мұнара,
Сүйрелеп келеді бізді мың күнәға.
Адамизат қолының қуаты жетпеген,
Тек қана Перілер демімен көктеген.
Ескірте алмаған топан су екпіні,
Құлата алмаған Наполеон тепкіні.
Өшіре алмаған дәуірлер тартысы,
Күйрете алмаған Ромел танкісі.
Перғауын рухы кезіп жүр даламды,
Кезіп жүр, кесапат жаулаған қаламды.
Ескі алаң бойында есінен ауысқан,
Қарт әйел басында билейді сауысқан…
Пендеге табынып, таусылған ойламы,
Ол жаққа баспаңыз!
Жындардың ойнағы.
Қанына малтыққан Кирдің басынан,
Тарихымды оқып ап сәбидей шошынам.
Ер Кене сарбазы су ішкен Есілден,
Еркін бұл рухымның үміті кесілген.
Тұлданып жылармын,
Жылап ап күлермін,
Соншама қалың ба, қасіреті бұл елдің?!
«Тек өзім Құдаймын,» – деп тыным таппаған,
Перғауын тіріліп келген бе деп қалам…
Мыңдаған шайтандар шарқ ұрған миында,
Табынған доңызға, табынған сиырға.
Өзгерте алмаған Дарвин шатпағы,
Алжастыра алмаған шіркеудің «хаттары».
Тәубасын түсірер адамға, ғаламға,
Келші деп жалынам Мұсаға, Һаронға.
Маңдайға басылған таңбасы қорлықтың,
Египет бейіті Есілге орнықты.
Қаһарсыз ұрандар,
Қайратсыз қармаулар,
Тазарта алмас-ау, дәрменсіз болжамдар!
Тарихтың арманы:
Тек қана Нұқ келіп,
Топан су күшімен қоймаса нүктені.
Сезесің уақыттың не меңзеп тұрғанын,
Перғауын…
Нұрғауын…
БАУЫРЖАН ҚАРАҒЫЗҰЛЫ
АТАҚАЗАҚ
Дәл бүгін, көз жасым
шашудай шашылған,
Рухымнан жұмақтың есігі ашылған.
Қуаныш күлкісі естілсін даусымнан –
Кеудемде күмбірлеп дұғалы Өктем Үн,
Мен – еркін Сөзімін Тәуелсіз Көктемнің!
Тәуелсіз көктемде туған Ол тұмадан –
Тәуелсіз елімнің патшасы – Ұлы Адам,
Әуелі халқының саулығын сұраған,
Сөзінде Қайырым уілдеп,
Көзінде мейірім гүлдеген,
Шашылған қазақтың бастарын құраған…
Тәңірінің нұры бар,
Қазақтың бағы бар,
Атыңнан айналдым, Нұрсұлтан – Нұр-ағам!
Ашылып аспаннан бодандық түнегі,
Әр үйде әр сәби тәуелсіз күледі!
Антында азаттық жұпары аңқыған,
Елбасы, өзіңсің – Қазақтың тілегі!
Қазақтың рухы – Қазақтың Даласы,
Алланың мейірі жауып тұр, қарашы!
Ақылдың нұрымен жуынған санасы,
Қазақтың ағасы – Қазақтың данасы!
Мендегі бұл шаттық – тарқамас мәңгілік,
Мендегі бұл бақыт – ортаймас мәңгілік!
Тәуелсіз қуаныш жиырма жыл ғана емес,
Бұл ұғым – Қасиет!!!
Қасиет ғасырдан ғасырға жететін жаңғырып!
Қасиет қонған ел, ал қуан, ал шаттан!
Төгілсін тіліңнен аппақ гүл бұрқырап,
Көңілің кісінеп, жылқыдай шұрқырап,
Тәубеңе келші бір, Тәңірі қолдасын,
Тәуелсіз намысың – тот жемес алмасың!
Еуразия жүрегі – бірліктің бесігі!
Парасат қолымен тербелген есімі.
Жиырма жыл тоқтамай тамырымда күркіреп,
Отанға оралған Қазақпен – көш ұлы!
Ұлы Көш!
Кірпіктің ұшында қуаныш мөлдіреп,
Көзімнің ішінде Көк Туым желбіреп,
Сөзімнің ішінде сезімім елжіреп,
Қуансын жан бүгін, шаттансын жан бүгін!
Иә, тәубе…
Бір Құдай жар болып!
Еуропа ендігін басқардық қолға алып,
Ислам әлемін иітіп, жалғадық!
Жаһанның жанары сәбидей таңданып,
Дүние көгінде қырандай самғадық!
Дүние көгінде Азаттық толғанып,
Сабыр мен ақылдың бейнесін сомдадық!
Елбасы, атыңа бар алғыс арналып,
Сізді тек мойындап, таныған бар халық,
Ататүрік тұлғасын бойыңнан аңдадық!
Атақазақ атына лайық мәртебең!
Бар қазақ жүрекпен осыны таңдадық!
Қазақ қашан ,қандай супер экспресске( Sinkansen) мінеді?
Жарияланды: Шілде 20, 2011 Filed under: Қоламта Пікір қалдыру »ұрлық түбі-Байлық!
Осыдан он неше жыл бұрын қытайдың Чаңчун компаниясы Жапониядан жылдамдығы 250km/h болатын супер экспресс сатып алған болатын.Көрген затын копияламай тыныш таппайтын қытай араға бірнеше жыл салып жылдамдығы 350km/h болатын «Жарасымдылық» атты супер экспресын жасап шығып, Бейжиіңмен Шаңхай арасына жүйткітіп қойды…
Өткен жылы қытайға барған Елбасы қытайдың жасаған супер экспресіне отырып көріп,қызығып Астана мен Алматы арасына осындай супер экспресс қатынатуға қытай елімен келісіп қайтты.Ақпараттарға қарағанда жоба 2015 жылға дейін іске асады деп күтілуде.
Супер экспресс жолын салуға қытай компаниялары тартылып, жұмыс бастайтын күн алыс емес.Несі бар,Азия мен Европа арасына қоңыраулы түйе кереуенімен «жібек» жолымен салпылдаған кешегі қазақ ұрпағы бүгін супер экспреспен жүйткісе керемет қой?!
Алайда бізге супер экспресін көрсетіп ,Елбасымызға мақтанған қытайлар ұры болып шықты.Жапония жақ қытайдың «жарасымдылық» атты супер экспрессы жапония білім меншік құқығына қол сұқты деп айыптап,халықаралық меншік құқығын қорғайтын ұйымға шағымданып жатыр.Бір ғана супер экспресс саласы ғана емес,жапон елі осы білім меншік құқық саласында 600 ден астам меншік құқығы ұрдалғанын айтып,сотқа беріп отыр.
Алайда қытай жағы «меншік құқығы бізге тән!»деп безеріп отыр. «Жарлы болсаң,арлы болма!»дегенді бетке ұстаған қытай бұл күндері шетелдің озық техникаларын ақша шығарып сатып емес,көбінесе ұрлап алып іске жаратып,сол арқылы шаш етектен пайда тауып отыр.Қазақта «ұрлық түбі -қорлық!болса да қытайға « ұрлық түбі -байлық!»боп тұр.Енді ұрлаған техникасын бізге әкеліп ақшаның астына қалатын болып, қытай миығынан күліп отыр…
Қазақтар « ұрылардың» супер экспресіне міне ме?

Алайда қытай көшірмешілері коммерциялық құпия ретінде ме, жоқ өресі жетпей ме,ұрдаған дүниесінің сапасына кепілдік бермейді.Қытай супер экспрессі де солай.Қытай сайттарындағы пікірлерге қарағанда қытай супер экспрессі техникалық себебтерге байланысты көбінесе кешігіп жататын айтады…
Осы жағдайды ойлағанда қазақ үкіметі неге супер экспресті сол техниканы ойлап тапқан Жапон елінен алып,қымбат болса да сапалы,қауіпсіз көлікті қолданбайды деген ой келеді.Жапон техникасы мен қытай техникасының арасы жермен көктей десек те, «алыстан арбалағанша жақыннан дорбалаймыз»деп кейде ұтылып жатамыз. « Арзанның жілігі татымайды» дегендей тасымалға жақын,бағасы арзан болса да қомақты қаржы талап ететін мұндай жобаға толық сараптама жасай отырып,қымбат болса да сапалы,ғұмыры ұзақ,қауіпсіздігі жоғары жапон супер экспресін қолданған жөн болар еді.Ертеңгі күні осы саладағы мамандарда жоғары білікті болып шығуға,озық техниканы игеруге пайдасы тиер еді деген ой келеді.
Келесі жолы жапон Sinkansen- дері туралы мәлімет береміз…
