Шығыс Түркістан: кеше, бүгін, ертең…


8777F7A5-3A0F-4997-A057-2AEC4E44E3C6_w640_sҚытай бодандығында қалған Шығыс Түркістан түріктерінің тағдыры бүкіл түркі жұртын ойландыруы керек. Бүгін Шығыс Түрікстан киген ноқтаны ертең бүгін тәуелсіз елміз деп отырған Орта Азия елдері кимес үшін Шығыс Түркістан тағдыры мен тарихына мән бермей болмайды. Олай болса осы атаулы тақырып жайлы ой өрбітейік.

Шығыс Түркістанның сәтсіз арпалыстары

Қазақ хандығы мен көшпенді Жоңғар хандығы арасындағы бір ғасырға созылған күресі Қазақ хандығын әлсіретіп, бодандыққа түсірсе, Жоңғардай алып елді жер бетінен мүлде жойып жіберді. Жоңғар мемлекетінің құлауымен бірге Жоңғария даласын мекен еткен Түркі жұрты енді жаңа отаршылдар – қытай елін билеп тұрған Мәнжу мемлекетінің бодандығына түсті. Әмірсананы 1757 жылы тыныштандырған Мәнжу билігі Жоңғардың қол астында болған Шығыс Түркістан түрктерін толық жаулауға кірісіп кетті.

Мәнжу империясын негіз еткен қытай жаулаушыларына Шығыс Түркістандағы түрктердің күресі алғаш Мұхаммед Яқупбек атымен байланыты болды. Ангиля жане Осман империясынан қолдау алған Яқупбек 1865-1877 жылдары Индияны билеп отырған Англия еліне арқа сүйеп ілгерінді-кейінді қытай-шүршіт шапқыншыларына жойқын соққы беріп, Шығыс Түркістанның оңтүстік бөлігін толық қамтыған, Қытай мен Ресейге тәуелсіз мұсылман мемлкетін құруға тырысты. Яқупбекпен бірігіп, Шығыс Түркістан өңірінде күреске қатысқан Кенесарыұлы Сыздық сұлтан бастаған Қазақ батырлары да болды. Алайда өз қол астындағы қазақтардың Яқупбек жолын ұстанып кетуінен алаңдаған ресей патшасы Іле сұлтандығын басып алып, Мәнжу үкіметіне көмек қолын созды. 1877 жылы Яқупбекке у беріп өлтіріліп, Шығыс Түркістанды қытай қолбасшысы Цзо Цзунь Танның жорық жасап, Шығыс Түркістанды толық басып алып, 1883 жылы Шыңжаң деп өзгертіп, толық Мәнжу билігіне өткізді.

Шыңжаң атымен бірге Шығыс Түркістан толық отарлық қамытын киді. Одан кейін де Алахан көтерілісі (1867-1881), Бөке батыр (1901-1903), Сәбит Дамолла, Қожанияз, Әліп Үкірдай (1933-1934), Есімхан-Ырысхан-Ақтеке (1939-1943), Оспан батыр (1940-1951), Әкбар-Сейт (1944-1947), Қалибек-Тәкіман (1944-1951), Қалман Ақытұлы-Дәлелхан балуан (1958-1960) қатарлы адамдар бастаған жеке-жеке неше ондаған ұлт азаттық көтерілістері Қытай жане Ресей, Советтік қызыл үкімет жағынан аяусыз жаншталып, Қытай отаршылдары Шығыс Түркістанды толық жаулай түсті.

Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілістерінің ішіндегі ең биік өреге көтеріліп, жеңісті соғыстар жүргізілген көтеріліс қазақтар мекендеген солтүстік шыңжаңдағы Шығыс Түркістан Республикасы құрылып, Тәуелсіздік жариялауы болатын. Бірақ ішпен сырттан бірдей астасқан қызыл совет үкіметі жас мемлекетті қызыл қытай үкіметіне жығып беріп, Шығыс Түркістан бесігінде тұншықты.

Ұйғырлардың қайта оянуы

1933 жылғы Қожанияз-Сәбит Дамолла көтерілісінен кейін оңтүстік Шыңжаңдағы жеті шаһарды мекен еткен, бұл күнде жан саны 15 миллионға жеткен Ұйғыр түріктері тыныштыққа шомды. Олар сонау Оспан батыр бастаған Шығыс Түркістан қазақтарының көтерілісі кезінде де орайды қолдан бермей Қазақ түрктерімен бірігіп, отаршылдыққа қарсы ат қойғанның орнына 1949 жылы Қытай қызыл үкіметін жеті шаһардың сыртынан ақ нандарын көтеріп, қуана қарсы алып, бағынышты екендіктерін бірден білдірді. Ұйғырлар қызыл үкіметке сенгені сонша өздерінің ақсұйек жетекшілеріне қарсы күресті қытайлармен біріге кең көлемде өрістетіп, қытай үстемдігіне қарсы болып келген Қожа әулеттерінің тұқымын тұздай құртты. Олар Қытай қызыл үкіметі жасаған саяси реформадан кейін ел экономикасын көтеруге жаппай атсалысып, қытай қызыл үкіметіның қыспағы мен қинауына төзе отырып, комунистік үкіметпен етене болып кетті.

1991 жылы әлемнің жартысын билеп тұрған Совет Одағы шылпара ыдырап, оның орнына Тәуелсіз Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркіменстан қатарлы тәуелсіз түрік мемлекеттері шаңырақ көтергенде ұйғыр зиялылары шырт ұйқыдан шошып оянды. Олар сонда ғана өздерінің әлдебір елдің отарына түсіп, рухани азып-тозып бара жатқанын сезінді. Сонымен «Басқа түркі бауырлар тәуелсіздік алып жатқанда бізге неге болмасқа!» деген асығыс ойдың жетегімен шынайы тәуелсіздіктің қадыр-қасиетін танып кетпесе де асығыс қадамдарға барды.

1993-1996 жыл аралығында ұйғырлар арасында ондаған қарулы қақтығыстар орын алып, жеке-жеке «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы», «Дүниежүзілік ұйғыр құрылтайы» құрылды. Тіпті, кейін келе «Шығыс Түркістан» атауынан толық бас тартып, «Ұйғырстан» туын ашық қөтеріп шықты. Ұйғырлар Орта Азиядағы Түріктердің тәуелсіздігінен шабыт алып, күрес жолына түскенімен, күрес тактикасын дұрыс таңдамады. Ұйғыр жетекшілері тек жалаң ұйғыршылдыққа бой алдырып, ұйғырларды бөлектеп, Шығыс Түркістандағы өзге түрік халықтарымен байланысты жоғалтып алды. Олар Қытайға қарсы күрес майданында жалғыз қалып, радикалды түрде сонау 1993 жылдары еш дайындықсыз қарулы бүлік жасап, Қытай үкіметін үркітіп алды. Ұйғыр жетекшілері Рабия Қадыр, Қаһарман Қожамбердиевтар жеке дара күрес жүргізіп, ұйғыр күресінің масштабын тарайтып, Қытайға қарсы күресте «Ұйғырстан» туын көтеріп, өздерін майданда жалғыз қалдырды. Бұл жайлы «қытайдың ұйғырға құрған үш қақпаны» (http://altyalash.kz/2014/03/13/%D1%81%D0%B5%D1%80%D1%96%D0%BA-%D0%BC%D2%B1%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%85%D0%B0%D0%BD-%D2%9B%D1%8B%D1%82%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D1%8B%D2%A3-%D2%B1%D0%B9%D2%93%D1%8B%D1%80%D2%93%D0%B0-%D2%9B%D2%B1%D1%80%D2%93/) атты мақаламызда толығырақ тоқталғамыз.

«Төрт құрту» саясаты

Шығыс Түркістанды жаулау үшін бір жарым ғасырға созылған күрес қытай қызыл үкіметі билікке келгеннен кейін айрықша екпін ала түсті. Қытай үкіметі әр рет билік ауысқанда қадам сайын өз жоспарларын іске асыра түсті. Әр көсем сайын өзгерген саясатты «төрт көсем жане төрт ұран» (http://www.azattyq.org/content/blog/24371757.html сараптауынан оқи аласыздар.)

Қытай үкіметі соңғы 20 жылда өз территориясы бар, тарихта қытайдан тәуелсіз болған аз санды ұлттарға болған отарлау саясатын аса тездікпен жүргізді. Олардың соңғы жылдардағы озбырлық саясатын төмендегі төрт тармаққа жинақтауға болады.

Бірінші: Дінсіздендіру – қытай қызыл үкіметі алғаш құрылған күннен бастап өз бодандығына алған халықтардың дінни сенім бостандығына қол сұғып келді. Қытай ата заңында «Азаматтардың дінни сенім бостандығы болады» дегеніне қарамай Қытайда мектепте, жоғары оқу орындарында оқып жатқан тәлімгерлерге, үкіметтен жалақы алатын мемлекет қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, партия мүшелеріне діни орындарға барып, дінни жоралғыларды орындауға, дінни кітаптарды оқуға қатаң тыйым салынған.

Екінші: Тілсіздендіру – Қытай үкіметі «Қытай Халық Республикасының негізі ата заңына сай» ұлттық автономиялы өңірлерде жергілікті халықтың тілін сақтауға, мемлекеттік тілмен қатар қолдануына жағдай жасау тиіс болатын. Бірақ соңғы жылдары Қытай үкіметі «Ұлттық автономия заңын» мүлде қайрып қойып, ұлттық автономия өңірлерінде ашықтан-ашық дөрекілікпен жергілікті халықтың тілін жоюға кірісті. «Қос тілді оқу-ағарту саясаты» деген атты жамылғанымен аз ұлттар қоныстанған өңірлерде қытай тілін қытайлармен теңдей білмесең жұмысқа орналасу мүлде мүкін емес болды.

Үшінші: Жерсіздендіру – Қытай үкіметі «жер мемлекеттікі» деген саясатты ұстанады. Бірақ мемлекет иесі ханзу ұлтына келгенде «жер мемлекеттікі» деген заң заңдық күшін жояды. Қытай еліндегі ханзу ұлтынан шыққан байлар аз санды ұлттардың елу жылға дейін заңды түрде жалға алған келсім-шартты бұзып, заңды белден басып, жергілікті халықтың пайдаланып,ө мір сүріп отырған жерін тартып алып, әртүрлі мақсаттарға пайдалануда. Бұл Шығыс Түркістанда өте белсенді жүруде. Әсіресе, шұрайлы жайлымдармен суы мол егістіктерге ие қазақ жерлерін заңсыз, зорлықты күшпен тартып алып алуда. Оған дәлел Боғда тауы баурайында жане Алтай, Іледегі жер даулары мен қақтығыстарын мысалға келтіруге болады.( http://altyalash.kz/2014/05/03/%D2%9B%D1%8B%D1%82%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D1%80-%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80-%D1%81%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%80-%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D1%81%D1%8B%D2%A3%D0%B4%D0%B0%D1%80-%D0%B8/)

Төртінші: Ұрпақсыздандыру – Қытай үкіметі 1978 жылдан бастап «аз балалы болу, кешігіп балалы болу, сапалы балалы болу» саясатын жолға қойды. Алайда бұл заң сайда саны, құмда ізі жоқ, нопос, тіркеусіз жүрген жүз миллиондаған ханзу ұлтына атқарылуы мүмкін болмады. Сонымен «аз балалы болу» саясатының кесірін тұрақты тіркеуі, қоныс бар, үкімет бақылауында отырған қытайдағы аз санды ұлттар көрді. Қытай үкіметі бала тумағандарды шабыттандырып, ақшалай сыйлағанымен қоймай, үкімет рұхсат берген соңғы баласын тууға келген әйелдерді иесінің жане әйелдің рұхсатынсыз «балалы болмау операциясын» жасап тастап отырды. Осындай оспадарлық заңсыздықтан кейін кейбір жалғыз баласынан айрылған аналардың қайта балалы болу мүмкіндігі болмай, ауыр азаппен жынданып кеткендері де кезікті.

Қытай үкіметі соңғы жылдары демографиялық жағдайға байланысты хан ұлтына екі балалы болуға рұхсат бергенімен аз санды ұлттарға әлі де қатаң саясат ұстанып отыр. Қытай ақпарат құралдарының аз балалы болуға жасаған үгіт-нәсихаты мен экономикалық жақтан алдауларынан кейін көп санды ата-аналар өздігінен ұрпақты болудан бас тартып жатыр. Қытай үкіметі әртүрлі тәсілді толық пайдаланып, аз ұлттарды ұрпақсыздандыруға күш салуда.

Үрей мен қауіп

Шығыс Түркістандағы көп санды ұстайтын ұйғырлар сонау 1993 жылдардан кейінгі бірнеше дүркін қанды қақтығыстары қытай үкіметіне жақсы сабақ болмады. Олар осы сәтсіздіктен тәжірибе алып, ұлттық автономиялы аймақтарда заңға сай әрекет еткеннің орнына аз санды ұлттардың тіліне, дініне шектеу қойып, тіршілік көзі – жеріне ауыз салды. Соңғы жылдары Шығыс Түркістандағы бұрыннан бар ұлт-азаттық идеяны ту еткен ұлтаралық қайшылық енді ашық әлеуметтік теңсіздікке, ұлттық кемсіту, қорлауға ұласып, Шығыс Түркістандағы жергілікті халықтардың қытай үкіметіне болған наразылығын күшейте түсті. Шығыс Түркістандағы ұйғырлардың радикалдық бағытты ұстанған ұлтшылдары қытай құрсауынан қашып шығып, Ауғанстан, Сирия, Пакстандағы қарулы күштерге қосылып, сонда жаттығудан өтіп, керек кезінде Шығыс Түркістанға қайтып келіп, теракт жасауға ұрынды. Әсіресе АҚШ үкіметінің Ауғанстаннан әскерін шығаруы – Шығыс Түркістандағы ұйғыр радикалдарына үлкен орай болды. Олар Пакстан, Ауғанстанды артқы база етіп, сол елдегі діни радикал күштермен астасып, Шығыс Түркістандағы қытай үкіметіне үрей салуға әрекеттенуде. Соңғы жылдары Қытай үкіметінің қыспағы ұйғырларға ғана емес, сол елде жасап жатқан ек миллионнан астам қандастарымызды да қыса бастады. Өз үкіметіне арқаланып, елірген ханзулар қытай үкіметіндегі жемқор билікпен сыбайласып, аз ұлттар қоныстанған өңірлерде өз ойына келгенін істеді. Мұндай жүгенсіздік Шығыс Түркістандағы Қазақтар мен қытайлар арасында да қақтығыстар алып келді. Бірнеше жылдың алдында қытайдың Шіңгіл, Қаба аудандарында ашық қақтығыс болып, халық әрең басылған еді. Ал Боғда тауындағы Қазақтарға жасалған жүгенсіздіктен кейін үрміжідегі Қазақ жастары көшеге шығып, наразылық шарасын өткізуге талпынды. (http://altyalash.kz/2014/05/07/%D2%9B%D1%8B%D1%82%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B-%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B-%D0%B6%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B-%D2%AF%D1%80%D1%96%D0%BC%D0%B6%D1%96-%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81/)

Қортып айтқанда Шығыс Түркістандағы қазақ-ұйғыр тағдыры қыл үстінде тұр. Қытай үкіметі ұлттық автономиялы өңірлердегі зор ханзушылқты тізгіндеп, заңның әділ атқарылуын қадағаламаса, қайшылықты әділ жолмен шешуге тырыспаса,ә леуметтік теңсіздікті жоюға талпынбаса онда Шығыс Түркістандағы қазір әржерде бой көрсетіп, күннен күнге ұлғайып келе жатқан наразылықтар күшейіп, ұлтаралық қайшылықтар қанды қақтығыстарға ұласып, Шығыс Түркістан қытайдағы ең тұрақсыз өңірге айналуы мүмкін.

Түйін:

Елімізбен шагаралас отырған Шығыс Түркістан, яғни, Шыңжаңдағы тұрақсыздық, ұлтаралық қақтығыстар, Қытай үкіметінің қудалау саясаттары елімізге өз ықпалын тигізбей қоймайды. Біздің ел үкіметі қытайдағы екі миллон қазақтың тағдыры жайлы да ойлануы керек. Олардың бәрін көшіріп алмаса да сол елде тұрып жатқан қазақтардың тілінен, ділінен салт-дәстүрінен айрылып қалмауына адамгершілік, бауырластық тұрғыдан қолдау көрсету керек. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынастардан пайдаланып, қазақтар қоныстанған өңірлерде қазақтың мәдени күндерін, мәдениет орталықтарын ашуға ықпал ету керек. Бұл өз кезегінде қытайлардың Қазақстанда ашқан мәдениет орталықтары, тіл орталықтарына жауап негізінде болады.

Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі Шығыс Түркістанда қуғынға ұшыраған ұйғыр радикалшыларының тығынатын, тыныстайтын жеріне айналмауы керек. Біз ұйғыр халқының тәуелсіздік алуын қолдаймыз, құрметтейміз. Бірақ кейбір қылмыстық топтардың елімізге келіп бой жасырып, Тәуелсіздігімізге, халқымызға қауіп төндіруінен, арандатудан сақтануымыз тиіс деп ойлаймын.

“Алты Алаш” ақпарат

Орналастырылған санаттары: Қоламта | Пікір қалдыру

Шығыс Түркістан күресі және Оспан батыр


231104_10150168603365741_5216056_n
Шығыс Түркістан деп аталатын Жоңғария даласы мен Алтайдың арасында жатқан ұланғайыр дала – Қазақ халқының тарихи ата қонысы. Сол ұлы далада тіршілік кешкен біздің ата-бабаларымыз ешқашан тәуелсіз ел болуға деген талпынысын тоқтатқан емес. Оңтүстік Шығыс Түрксітандағы көтерілістерде есепке алмағанда Алтай мен Тянь-Шаньның арасын мекен еткен Қазақтың іргелі ру-тайпалары Керей-Найман елі соңғы бір ғасырда Қытай отаршылдарына қарсы талай рет ұлт азаттық көтерілісін жасады. Солардың ішінде бірі де бірегейі 1940 жылы Алтайдың Көктоғай ауданында бұрық еткен Есімхан – Ырсхан – Ақтеке үштігі бастаған ру ақсақалдарының Қытай үстемдігіне қарсы бітіспес күресі болатын. Бұл көтеріліске басында жай азамат ретінде атсалысқан Оспан батыр соғыс өртінде шынығып, шыңдала келе аты аңызға айналған батырға айналды.

Міне, сол көкте ұшақ, жерде танкісі зулаған, жойқын от қаруға арқа сүйеген Қытай, Орыс, Моңғол әскерлеріне атты әскермен қарсы соғысып,11 жыл бойы жеңісті күрес жүргізіп, Қазақтың өшпес ерлік рухын әлемге паш еткен Оспан батыр Сіламұлының биыл 115 жылдығы да келіп жетті.

Олай болса, бүгінгі тәуелсіз Қазақ елі бүгінгі шегара шегінде жасамаса да Қазақтың жауымен қайыспай арпалысқан Оспан батырды еске алуы, ардақтауы керек деп ойлаймын. Оспан батырдың 115 жылдығын еске ала отырып, батырдың өмірі мен өнегелі істеріне көз жіберіп көрейік.

Батырлар туған мекен

Оспан батыр (Оспан Исламұлы) 1899 жылы Алтай аймағы, Көктоғай ауданы,Өндірқара деген жерінде дүниеге келді. Оспан батырдың балалық шағы да Қазақтың шығыс шегара шебінде орналасқан атыс пен шабысқа толы ӨрАлтай өңірінде өтті. «Өзеннің басын алмай өзегі сенікі болмайды!» деген Абылайханның көреген стратегиялық шешімімен Ертіс бойын өрлей көшкен Абақ Керей елі 1790 жылдары қазіргі Қалба тауынан асып түсіп, Алқабек – Білезіктен ат салып, Ертістің өр басына жеткен мезгілі 1837 жылдарға тура келсе керек. Көштің басы алғаш Өралтайға жеткен кезде бұл жерде әлі де аттан түсседе, үзеңгіден түспей тұрған Ұранхай-дүрбіттер алғаш барған елге тыныш өмір сыйлай қойған жоқ. «Жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында» дегендей, ел шетіне шығандап шыққан елдің әркүні сақтықпен, қарулы қақтығыспен өтті. Сол жаугершілік өмір Оспан батырдың бала кезінде де толастаған жоқ. Бала кезінде әйгелі Бөке батырға, Зуха батырлардың алдын көріп, көзге түсіп бата алған Оспан Сіламұлы өзі қарапайым шаруа адамы ретінде соқаға өгіз салып, жер жыртып, бидай-тары салып, мал бағып, шаруа қуғанмен сонау ғасырдан ғасырға үзілмей келе жатқан, жаугершілік заман еш толастамаған сахара батырларының аңыз-дастандары мен жорықтарын өз көзімен көргендіктен ол әркез сахаралық әскери істерден, соғыс тәсілдерінен сауатты, кез-келген тұтқиыл жағдайға дайын болып ержетті.1940 жылғы алғашқы көтерілісте-ақ көзге түскен батыр 1943 жылдан кейінгі соғыс тізгінін өз қолына алып, сахараның сардарына айналды.

Сахара сайыпқыраны

Оспан батырдың жетекшілік еткен Алтай Қазақтарының 11 жылдық ұлт азаттық көтерілісіне зер салып отырсақ Батырдың соғыс тәсілі, әскери құрылым, жасақ жасақтау тәсіліне таң қалмай тұра алмайсың.

Аспанда ұшақ, жерде танкі, мыңдаған жойқын от қаруы бар Қытай-Совет әскеріне басында шоқпар-найзамен қаруланған Қазақ сарбаздары қалай төтеп берді? Бұл сұраққа ең алдымен қиыр қонып, шет жайлап, жаугершілікте өскен Керей елінің батырларының жадында әлі де сонау сахараның сайыпқыраны – Шыңғысханның әскери құрылымдау тәсілі мен соғыс тәсілдері сақталып келгенімен, әрі сол бабадан келе жатқан тәсілді Оспан батырдың да жеттік білгенімен түсіндіруге болады.

Бірінші: Оспан батыр жасақтарының құрылымдары Шыңғысхан әскери құрылымы негізінде рулық-туысқандыққа негізделген ондық-жүздік бойынша жасақталды. Бір әулеттен тараған өзара туысқан ауылдың жігіттерінен іріктелген жасақты бір ондық етіп, оған сол жігіттердің арасындағы еті тірі, өзгеге сөзін тыңдата алатын, ержүрек, бауырмал азаматты онбасы етіп қойды.

Ондық ықшам, әрекет етуі тез, ұйымшыл, бір-бірі үшін жан алып, жан беретін берік қатынаста болғандықтан Оспан жасақтарының ондығы майданда Қытайдың бір рота әскеріне тура келгенде тас-талқанын шығаратын. Ондық әскери құрылымнан гөрі туысқандық жақындыққа құрылғандықтан бір-бірін жауға тастап қашу, тастап кету деген мүлде болмады. Сондықтан олар өздеріне тапсырған міндетті аброймен, аз шығынмен орындап отырды. Онбасылар майдан даласында көрсеткен ерлігі мен тапқырлығына қарай өзіндік марапат алып, кезі келгенде жүзбасылыққа көтеріліп отырды.

Екінші: Оспан батыр жасақтарының ең үлкен құрылымы жүздік болып саналды. Жүздік өзара жақын, руларстарстардардан құралды. Жүзбасы болып, сол руға беделі бар, ерлігімен көзге түскен, дербес шешім қабылдай алатын, қиын-қыстаудан жол таба алатын, ержүрек азаматтар тағайындалды. Жүздіктер жоғардағы туыстас ондықтан құралғандықтан шоқпар басындай жұмыр, мықты қосын болып жасақталды. Әр кіші рудың, өткен батыр бабаларының аманаты мен абройын арқалған жүзбасылар әр шайғаста өздеріне тапсырылған міндетті аброймен орындауға тырысты. Егер белгілі жүздік берекесіздіктен, не дұрыс тактика қолданбаудан жеңіліс тауып, сәтсіздікке ұшыраса бұл жеңіліс сол азаматтарды майданға аттандырып отырған рулы елдің абройы мен намысына келіп тірелді. Сондықтан жүздіктер әршайқасқа оттай жанған намыспен, ел-жұртының абройын арқалап кірді. Оспан батырдың жүздіктері соғыс даласында Қытайдың, Совет қуыршағы болған үш аймақ әскерінің, моңғол қызыл әскерінің бір полктеріне қарсы тұра алатын қуатқа ие еді.

Үшінші: Оспан батыр сатқындарға аяусыз болғанмен «мұсылманға өлім жоқ!» деген ұстанымда болды. Оспан сарбаздарына тізе бүккен талай әскерлер кейін Оспанның сенімді серіктеріне айналды. Тіпі, Оспан батырды атуға жіберген кейбір жанкешті жігіттер батырдың кешіріміне ие болып,кейін қандыкөйлек серіктеріне айналды. Кешірімшілдікпен қаталдық бір бойында табылатын батыр елді сатқан кейбір сатқындарды ашық атқызып тастап отырды. Сондықтан батырдың кешірімне ие болғандар әрқашан жанынан табылса, ал ел ішінде сатқындыққа жол берілмеді. Батырдың бұл тәсілі де сахараның сайыпқыраны –Шыңғысханнан қалған жазылмған заң болатын.

Төртінші : Оспан батыр бастаған қазақ жасақтары атақұмарлыққа,байлыққа сатылмады. Оған Оспан батырдың өзі өнеге үлгі болды. Шығыс Түркiстан Республикасының атын «Уш аймақ үкіметі» деп өзгертіп, Әлихан төрені ұстап кеткен кезде, сол кездегі үш аймақ үкіметінің ең жоғарғы басшылары , генерал лейтенант Ысқақбек Мононов Алтайға келіп, сол кездегі ең жоғарығы азаттық «қызыл жұлдыз» орденін бергенде Ошың «теңге-моншақты біздің елде тек қыз-келіншектер тағады» деп әйеліне қарай лақтыра салуы бұл ерліктің ерлігі. Орыс-қытайдың теңге-моншағын кеудеге тағу үшін талай қазақ бір-бірін басын алып,талай қан төгілді емес пе? Ал арзан аброй мен темір-терсектен биік тұрған Оспан үшін ең үлкен атақ халқының өзі берген «Оспан батыр» деген атағы болды, жане ол сол атақты еш кірлетпей,ахиретке тап-таза күйінде ала кетті. Сонау 20 ғасыр емес, тәуелсіз ел болған бүгінгі заманда атақұмарлық пен темір-терсектің құлына айналып жүрген бүгіннің атаққұмарлары үшін Оспан батыр кіршіксіз үлгі болып кетті.

Бесінші : Оспан батыр бастаған ұлт-азаттық көтерілісі шырқау шыңға шыққан күннен бастап, көтеріліске қатысқан сарбаз ғана емес,бейбіт елде тастүйін тәртіпке келіп,бір ұран шыққанда атқа қонып,көшіне салт атты ілеспес жылдам партизан қосынна айналды. Тіпті Оспан батыр қосындарының ішінде нелер ер азаматтан кем түспес батыр қыздар шықты. «Қазіргі заманның еркектің мүшесі мына от қару! Қолында от қаруы бар әйел де еркек» деп батыр сол кез бекер айтпаған болатын. Тіпті батырдың кіші қызы Шығыс Түркстанда аты аңызға айналған ерліктер жасаған. Отаршылдарға қарсы белді бекем буған ел артық дүние-мүліктен, жасау-жабдықтан арылып, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы!» деген ұстанымды берік ұстады. Адалдап тапқан малын азаттықтың жолына атаған талай жомарттар Оспан кезінде шықты.

Күллі Еуропа мен Азияны ат тұяғымен таптаған Шыңғыхан қосындары да жай әскери қосын емес, бала-шағасын, қатын-қалашын тастамаған, әскери өмірге үйренген тастүйін ел болатын. Оспан батыр бастаған азаттыққа талпынған халықта жартылай әскери өмір кешті. Осындай елге, ерлерге жетекшілік еткен Оспан батыр-сахараның соңғы сайыпқыраны еді.

Оспан батыр неге жеңілді?

Оспан батыр бастаған Шығыс Түркiстан көтерілісі туралы деректер мен зерттеулер, мақалалар, әдеби-тарихи романдар Қазақ елінде аз емес. Тіпті Оспан батыр жайлы Түрiк, Қытай, Моңғол, Ағылшын жазушылары мен зерттеушілері қалам тербеді. Аты қазақтың алтын аңызына айналған Оспан батырдың сарбаздары жеңісті соғыстар жүргізгенімен неге мақсатына жетпеді? Оған ел көп зерттермендер төмендегідей жауап береді.

Бірінші: сол кездегі Шығыс Түркiстан Қазақтарының бір тудың астына жиналып, барлығы ұлт-азаттық көтерілісіне ат салып,бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығармады. Оспан батырдың соңынан тек Алтайдағы Абақ Керейлер ғана ерді де қалған екі аймақтағы Қазақтар керсінше қарсы жаққа өтіп кетті.

Екінші: Оспан батыр бастаған көтерілісшілердің жан-жағы қызыл Моңғол, қызыл қытай, қызыл орыс қаумалап, қызыл апаттың қоршауында қалды. «Тым болмағанда бір жағым ашық, жаусыз болғанда Алтайдың алып тау-тасын қорған етіп, жауға алдырмас едім» деп Оспан батыр бекер айтпаса керек.

Үшінші: сол кезде Алтай Абақ керейлеріне беделді кейбір рубасылар совет үкіметінің алдауына еріп, қақпанына түскендіктен Оспан сарбаздарының ішіне де ірткі түсті, белгілі ықпалы бар генарал-майор Дәлелхан Сүгірбаев соның бірі. Совет үкіметінің қақпанын басып, қуыршағына айналған Ысқақбек, Дәлелхан, Әбдікарім, Ахметжандар соңында бәрібір белгісіз жағдайда абройсыз ажал тапты. Егер сол кез сол азаматтар сатылмағанда мүмкін Шығыс Түркстан автономясын қолға келтіруге боларма еді, кім білсін?!

Төртінші: сол кез қалыптасқан халқаралық тарихи жағдай Шығыс Түркiстан үкіменінің өмір сүруіне мүмкіндік бермес еді. Үш қызыл үкіметтің ортасында ислам дінін ұстанған, Америкамен одақтасқысы келетін, құл болғысы келмейтін батыр көсемі бар тәуелсіз Түрік мемлекетінің құрылуына Сталин бастаған совет үкіметінің жол беруі мүмкін емес еді. Сондықтан дүние жүзілік екінші соғыс кезінде өз мүдесі үшін уақытша пайдаланғанымен Шығыс Түркістан республикасының толық тәуелсіздік алуына сол кез комунизим ошағын қалыптастырғысы келген совет үкіметі жетекшісі Сталин мүлде жол қоймады. Тіпті, тәуелсіздікке талпынған Шығыс Түркістан көсемдерін жасырын тұтқындап, атып, енді билікке жеткен қытай қызыл үкіметіне Шығыстүркстан армиясы мен халқын өз қолымен тапсырып, тәуелсіздік үшін ондаған жыл күрескен Қазақ халқын сатып кетті.

Бұл күндері Оспан батыр жайлы әртүрлі ойлар айтылып, жеңілісіне әрқилы себеп іздегенмен Шығыс Түркістан және Оспан батыр бастаған көтерілісшілердің жеңіске жете алмауының жалғыз себебі бар. Ол Совет одағы көсемі Сталинның қытай қызыл үкіметімен бірлесіп,еркіндікпен бостандыққа талпынған шығыс Қазақтарының арманы мен мүдесін аяққа таптап,басым күшпен қытай үстемдігіне тапсырып беру деуге болады. Егер Сталин бастаған совет қызыл үкіметі араласпағанда шығыстүркстан тәуелсіз мемлекетінің шығыста бой көтеруі ғажап емес еді.

Соңғы көкжалдық

Оспан батыр көтеріліс тізгінін өз қолына алғаннан бастап, майданда жауымен жанталаса ұрыс жүргізіп қана қоймай, дипломатиялық үстелдерге де кезек беріп отырды. Даланың дарқан қазағы еш жоғары оқу орынын бітірмесе де, жауының жағдайын әрқашан барлап, әлемдік саясаттың қайда беталып бара жатқанын, кімдермен одақ болу керек екенін дана көкірекпен дүп басып отырды. Батырдың «Орыспен Қытаймен одақ болсам жерімді алып,елімді аздырады. Ал Америка көп болса байлығымды алар, жеріммен рухымды алмас!» деген әйгелі сөзі мен « мен Қазақтың азаттығы үшін сайтанмен де одақтасуға бармын!» деген батыл шешімі батырдың Қазақ елінің азатық соғысының жеңіске жетуі үшін неге болсада баруға дайын екенін білуге болады.

1940-1951 жылға дейін гомин қытай,қызыл моңғол ,қызыл орыс, қызыл қытай әскерімен кескілескен күрес жүргізген Оспан батыр Қазақ жері үшін Орыспен де, қоқан, хиуамен де, қырғызбен де алысып, Қазақ шегарасын айнала жүріп ұрыс салған Қазақтың соңғы ханы Кенесарының ерлігі мен өмірінің жалғасындай Ханкене рухын ХХ ғасырға жеткізді. Өзінен неше есе күшті от қару ұстаған жауға көзсіз ерлікпен қарсы тұрған Кенесары Қазақтың соңғы ханы болса, көкте ұшақ,жерде танкі зымыраған темір құрсанған әскерге тұлпар мініп қарсы тұрған Оспан сахараның соңғы батыры болды.

Кене ханның рухы мен туын Шығыс Түркістанда желбіреткен Оспан батыр- жау қолына түсіп, тұтқын болған кезде де жауға жалынып бас иіп, мойын ұсынбай қасқайып тұрып ажалды қарсы алды. Ханкененің ерлігі мен тағдырын тағы бір қайталаған батыр соңғы көкжалдық жасады.

Оспан батыр оққа ұшқаннан кейін 1958 жылдары жеке-жеке батырдың туған жеріндегі жерлестері ондаған көтеріліс жасады. Оны әйгелі Ақыт Қажыұлы Қалман Ақытұлы, әйгелі Дәлелхан балуандар басқарды. Бырақ айбынды қолбасшысынан айрылған Қазақ жасақтары басқа ұрған аттай қайрылып, аяусыз жанышталды.

Енді сол Оспан жортқан ақдалада Қазақ сарбазы қару алып,тұлпар мініп,ту көтермейді. Бырақ ту ұстаған батыр рухы шығыс Түркістандағы соңғы Қазақ жүрегі соғуын тоқтатқанша сақталып қалады.

Тәуелсіз елге керек батыр

Бұл күндері арманда кеткен есіл ерлердің тілегі іске асып, тәуелсіз ел болдық. Тәуелсіздік нұры түскен әр қазақ отанның, бостандықтың қадырыне жету үшін өткен тарихымызды қастерлеп, өткен тарихтан сабақ алу үшін бүгін Қазақ ұрпағы Қазақ тарихын білуі керек болатын. Бір ақ, өкінішке орай, Қазақстан мектептерінде Қазақстан тарихы тек совет одағы белгілеп берген шегарамен оқытылып келеді. Қазақстан мектептеріндегі оқулықтарда бүгінгі шегара сыртында қалған Қазақ жері мен Қазақ тәуелсіздігі үшін күрескен жүздеген батырлар мен ақындар ескерусіз қалып отыр.

Қазақтың жазушысы да, киногерлері де, мүсіншілері де жаппай бұл күндері аты ғана бар, жойылып кеткен, көрші империялардың айтағына еріп отқа түскен тағдыры бір Жоңғар елін тоқтамай соққылап, Жоңғарға қарсы соғысқан ата-бабаларын түгендеп, әр қала, әр аудан, әр көшеден ескерткіш орнатып, ас беріп, той-тойлап жатқанмен, бүгінгі тағдырымыз бен тәуелсіздігімізге әлі күнге күдік пен қауіпті қатар ұялатып отырған екі алып империя Ресей мен Қытайға тұлпар мініп, ту көтеріп, мылтық ұстап тұрған батырларымыз еленбей тасада қалып жатыр. Бүгінгі күнде күйіп тұрған мәселенің бірі тәуелсіздік пен бодандықтың қаупі қатар белең беріп,бір үміт, мың күдікте жүрген кезімізде бізді елі де үрейде ұстағысы келетін отаршылдарға дірілдемей қарсы тұрған батырларымызды ескеріп, елеп, рухымызды көтермесек тарих бізге тас атпайма.

Оспан батыр жане Оспан батырдың тағдырластары болған шегара сыртындағы батырларды еске алу, ұлықтау ол ең алдымен тәуелсіздігміміздің тұғырлы болуы үшін керек шара еді. Ел намысын биік ұстайтын, тәуелсіздік үшін бүгінде күресіп жүрген асыл азаматтар батырдың 115 жылдығына ат салып, шаралар ұйымдастырса, елордамыздың бір жерінен көше беріп, шегара сыртындағы қаза болған батырды еліне қауыштырса нұр үстіне нұр болар еді.Батыр бабамның жаны жаннатта,топырағы торқа болып, рухы бізді қолдап жүрсін. Әмин!

Орналастырылған санаттары: Көкжал рухы | Пікір қалдыру

Украина:Шаңырақ шайқалтқан Орыстар емес..


Үрей мен Үміт
2014 жыл Қазақстан үшін ғана емес,орта азия елдері үшінде, әлем елдері үшін де күтпеген қақтығыстар мен болжамаған уақиғаларға толы жыл болды. Украин халқының жемқорлыққа қарсы тұрып, Ресей отарлығы ноқтасын шынымен үзіп кету үміті- Тәуелсіз Украин елінің шаңырағын шайқалтып жіберді. Украин елінде «үш ұйықтасаң түске кірмес» жағдай орын алды. Украин елінде орын алған жағдайдың астарына үңіліп көрсек бізге де мол сабақ берер еді. Олай болса Украин елі неге шаңырағын шайқалтып алды?

Украина:Шаңырақ шайқалтқан Орыстар емес…
29301_Bezoruzhnie_ukrainskie_voennie_vstretilisy_s_Rossiyskimi_Peregovori_Sevastopoly_Aeroport_Belybek_ofitser_armiya_voennie_soldati_1393936032_original
Украин елі совет одағы ыдрағаннан кейін де Ресей елінен іргесі бөлінбей, «ағасына сенген інідей» не экономикалық-энегетикалық тәуелсіз жол іздемеді, не тілдік-ахпараттық тәуелсіздік іздемеді. Украин билігіне келген атқа мінерлер әрқашан ресейдің «ұзын арқан-кең тұсау» нан шыға алмай,айналып-айналып келіп Ресей ноқтасына бас ұрды. «2004 жылғы «қызғылт-сары төңкеріс» тен кейін де ел билігін қолға алған саясаткерлер бәрібір Ресейге деген энергетика өнімдері, әсіресе, жанар-жағармай, газды, басқа да құрал-жабдықтарға деген тәуелділіктен шығудың жолын қарастыра алмады. Украине шығысындағы Ресеймен бірлескен кәсіпорындары мемлекеттік мүдеге жұмыс істетіп,ел мүдесіне бейімдеуге күш салмады. Тіл жағында жалғасты Ресей ахпарат-құралдарына басымдылықты беріп қойып, елде бірте-бірте жүргізілетін ұлттық ахпараттық қауіпсіздікті қолға алмады . Украин әскеилеріндегі ең шешуші сәтте Ресейге жалт бергелі тұрған Украин әскерилерін тәртіпке келтіріп, олардың тәуелсіз елдің әскери күші ретіндегі дербестігін қолға келтіре алмады. Украин әскері өздерін Ресей әскерінің бір бөлігі ретінде ғана сезінді… Қортып айтқанда Украин елінің шаңырағының шайқалуына Путинның бас қатырып жасаған жоспары мен қастандық саясаты емес,керсінше Украин үкіметінің 23 жылдан бергі жіберген қателіктері жол берді деп қортынды жасауға болады. Отарсызданбау-шаңырақ шайқалтты.

Украина: Ресей ұтты ма ұтылдыма?

«Украин елі Янукович тірі тұрғанда біздің одақтас» деп сеніп келген Ресей елі «Евромайдан» ның соңғы басқаша түс ала бастағанда ғана асып-сасып тосын шешімдер жасады. Ол тосын шешімдері арқылы олар өздерінің бауырласы-Украин халқын мәңгі жау етті. Дүрлігіп-дүрлігіп қайта басылып, Ресей ноқтасына қайта бас ұсынатын Украин үкіметін,Украин халқын Ресей асығыс шешім жасап, Қырымды тартып алу, Украин шығысында қарулы қақтығыстар мен басып алуларды ұйымдастыру арқылы өздеріне мәңгі жау етті. «2004 жылғы «қызғылт-сары төңкеріс» тен кейін де бір жола «Европаға бет бұрамыз!» деген Украин қайта айналып,қазығын тапқан болатын. Егер осы жолы Путин асығыс алып ұшып,қарулы күш қолданбағанда Украин мен Ресей арасы сонша суымас еді. Ресей үкіметі Украинадағы «Евромайдан» ның соңы сонша қатерлі болады деп күтпеген болатын. Сондықтан Янукович қашып, етегіне келіп тығылғанда апанда жатқан аю шошып оянып,өз одақтастарының бәрі ноқта үзіп бара жатқанынан шошып, бас салып қырымға ауыз салды. Сол ауыз салу-кешірілмес қателік еді. Үйткені осы тосын қимылдан кейін Ресейдің шегінерге жолы қалмаған . Егер шегінсе Ресейдің әлем алдындағы, оданда маңыздысы орта азия алдындағы империялық миссиясы бір жола күйреп,абройы айрандай төгілетінін білді. Сонымен қазір Ресей іштей бармағын шайнап өкініп отырсада бұл шайқастан жеңіп шығуды көздеп отыр. Путинның Қырымды тарпа бассалу –сасқалақтан ғана емес, тоқырауға ұшыраған Ресей үкіметіннің ел алдындағы беделін көтеру үшін де керек болған болуы мүмкін. Бырақ бұл уақттық жалған абройдың ар жағында Ресей үкіметіне салған сакнциялар Ресей тек энегетика саласына арқа сүйеген Ресей экономикасын құрдымға жіберіп, бірте-бірте қырымдағы Чукша солдаттың айбынна мәз болып масайған Орыстардың водка алатын ақшасы қалмаған кезде Путинды Абай ескерткішінде қарсы алар күн туары сөзсіз. Қортып қайтқанда Украинада Ресей жеңілді. Ал Украин елі қазір қиын-қыстау күнді бастан кешіріп, шаңырағы шайқалып жатсада, өздерін «братишка» санайтын зорлықшыл ағасынан құтылып,шынайы тәуелсіз ел құруға мықтап кірсетін болады.
Қазақстан: Қауіп Ресейден емес,үрейден
Украинададағы соңғы жағдайлар, Донецк, Харьков, Славянск қалаларындағы этникалық орыстардың 23 жыл бойы Украин тәуелсіздігін мойындамай келгені,олардың Ресей тарапының айтақтауымен тәуелсіз Украин елін бөлшектеуге тырысып, сепаратистік қиымылдарға баруы, оларды Ресей шовинис биілігінің ашық қолдауы, сондай-ақ Ресейдің кейбір отаршыл пиғылдан әлі арылмаған кейбір есерсоқ саясаткерлерінің орта азиялық елдерді соның ішінде Қазақстанның солтүстік обылыстары жайлы айтқан сөздері Қазақ халқының жүрегіне күман мен күдік ұялатқаны белгілі. Тіпті интернет беттерінде ашық қорқыныштарын жасырмай «тыныш,тыныш,Ресей арандатып отыр!» деген үрей бүкіл Қазақстанды кезіп кетті десек артық емес. Тіпті,осы үреймен қорқыныштан арыла алмай отырғанда өздерінің іске аспас қиялына сеніп, Қазақтардың үрейленуінен шабыт алған орыс тілді ахпарат құралдары өздері өмір бойы оқымайтын Қазақ тілді журналдарға шүйлікті. «Аңыз адам» журналындағы жеке бір азаматтың өзгеше ойына бола «Қазақстанда фашистерді ақтау етек алып барады! Қазақстан елінде де Украинадағыдай фашистік ұлтшылдар оянып жатыр!» деп шу көтерді. Қызды-қыздымен қызыл қырғынның авторы Сталинды әспеттеп,Қазаққа геноцид жүргізген голощекинды қаһарман жасаған Ресей үкіметі Қазақстан еліне наразылық тапсырып үлгірді… Бұлда түк емес. Сүйтсек «Қырым уақиғасы» арқылы «өлген бураның басы мен тірі бураны қорқытып», Қазақтарға ескерту жасайтындар Ресей отаршылдары ғана емес, Ресей үшін тай соятын есалаң тайчибеков емес, Қазақтың белгілі жазушылары,ақын-журналистері,тіпті жыраулары-бүгінгінің қарға бойлы Қазтуғаны да бар болып шықты. Ол кісілердің айтуынша «балтырымыз бесіктей» кезінде құл болғамыз, енді балтырымыз шидей кезімізде ұл болып жарытпайды екеміз. Іс жүзінде біздің елге бәзбіреулер айтқандай үлкен қауп төніп тұрған жоқ. Ресей үкіметі шалыс басқан қадамының зардабын қалай басарын білмей,күннен-күнге қысып бара жатқан экономикалық қыспақтан қалай шығамыз деп қайғырып отыр. Орыс ахпарат-құралдарының «аттан түсседе,үзеңгіден түспей тұруы» ол қазіргі қиын кезеңнен шығу үшін жасалған ең соңғы жанталас деп ойлауға әбден болады. «Солтүстікті қайтеміз?» деп біз үрейде отырғанда ,« Қазақстаннан айрылып,кедендік одақ тарап, досқа күлкі,дұшпанға таба болып, Батькамен жұртта қаламыз ба?» деген Ресей үрейі бізден он есе көп. Ресей қазір біздің солтүстікке көз алартып,түбеселі тартып ала қоюы мүлде мүмкін емес. Тек біздің есі бар –ау деген ағаларымыз ел ішіндегі үрейдің шоғын одан ары үрлеп,өздері отарлық санадан арылмаған Қазақты маңдайдан қағып,бастан тоқпақтағандай болуы адамды сан ойға жетелейді. Олай болса қолына көсеу ұстай алмай отырып, көсемсіп Қазақты үрейге жетелейтіндер,бізге үрей елесін көрсеткісі келетін кез-келген жазғыш,айтқыш-ол Қазақтың қауіпті жауы.

Қазақстан:Қауіп пен үміт

Үрейде жүргендер ойлағандай тым қауіпті жағдайда тұрмасақта солтүстік обылыстардағы қауіпті,қауіп болмасада үрейді түбегейлі жоюдың жолын іздеу бүгіннің кезек күттірмейтін күйіп тұрған мәселесі. Олай болса солтүстік обылыстардағы Қауіпті жою үшін бұрыннан айтылып келе жатқандай көші-қон мәселесін шындап қолға алатын кез жетті. Ол үшін ең алдымен ішкі көші-қонды қолға алып, Қызылорда,ОҚО,Жамбыл обылыстарындағы жан-саны тығыз орналасқан,жері жеткіліксіз аудандардағы Қазақтарды солтүстікке көшіру керек. Шеттен ат басын елге бұрған Қазақтардың көші-қонын шабыттандырып,барлық әкімшілік кедергілерді алып тастап,солтүстікке тіршілік жасауына толық жағдай жасау керек. Солтүстік обылыстардарға қызмет ауыстырып барған азаматтарға тиімділік кофицентін қосып,бала туғандағы жөргекпұл жане жәрдем ақыларғада өңірлік кофицент қосу керек.

Солтүстіктегі қауіпті жою жане бір миллион Түрк

10314570_745173402194588_2448258857515483554_n
Қазақстан елі әлі де талай жыл «солтүстікті қайтеміз?» деп үреймен қауіптен дірілдеп отырмас үшін солтүстік қаупін түбегейлі жоюғада болады.мен Қазақ демографиясын көтерудің, Орыс қаупін жоюдың бір жолын ұсынамын. ол Түркиядан 1 миллион Түркті Қазақстан еліне шақыруды қолдаймын.Түркия еліндегі Түрктерге сауын айтып,Қазақ елінің солтүстігіне шақырсақ бұл үмітіміз жерде қалмас деп ойлаймын. Түрктерді СҚО,Павлодар,Қостанай обылыстарына бөліп қоныстандырсақ, ұлттық рухы жоғары,жан бағуға ебі бар Түрктер сол обылыстарды гүлдендіріп әкетумен қатар шегара қаупін толық шешеді деп ойлаймын. Үйткені 1 миллион Түркия түрктері қоныс тепкен солтүстікке Ресей үкіметі ешқашан чукша солдаттарын жібере қоймас. Азуын айға білеген Түркия мүдесі біздің елде орныққанда солтүстік қаупі толық жойыларына бек сенімдімін. Тек түркия түрктерін елге шақырғанда күрдтердің кіруіне жол бермесек болғаны. Бір кезде теңізде болған Қазақ-Түрк қақтығысын тудырған Түрк атын жамылған,әлі күнге дейін Түрк үкіметіне бас игісі келмей жүрген курдтер екенін біреу білсе біреу білмейді. Түрктерден қашқанмен Қазақстанды тек Қазақтармен ұстап тұру,дамыту мүмкін емес.кейбіреулер айтқандай Қырым татарлары-ноғайларды көшірейік деген далбаса қиял ғана. Олар туған жерін тастап,енді көше қоймайды. Сонымен қатар орыс отаршыл қамытын киген татарлар шегара қорғай қоюы екіталай. Сондықтан рухы биік,мінезі өр Түрктер солтүстікке қорған бола алады. P.S Қортып айтқанда бүгінгі болып жатқан саяси жағдайлар мен уақиғалар Қазақ халқына тек үрей әкелмеуі тиіс,алдағы уақиғалардың дамуына байланысты біз қауіп күтіп отырған Ресей елі де бір мезеттік «мастық пен қызушылық»тан есін жиып, өз тәубасына келер деген үміт басым. Соған дейін өз-өзімізді үрейде ұстамасақ дегім келеді.

Орналастырылған санаттары: Қоламта | Пікір қалдыру

Атбасарға қытайдан «тың игеруге» 40 отбасы келді!


0360b10ad2850f4d8cd1a0a8a969c018
«Солтүстік обылыстарды Қытайға жалға береді!» деген хабар тарағаннан кейін осы жайлы аңысқа құлақ түріп жүр едім. дәл кеше кеште Қарағандыла тұратын бір жерлес бауырым телефон шалды.
-Сенің айтқаның шынға айналып жатырғой! Кеше Атбасарға барған бір Қарағандылық досым наурыз мерекесін тойлап,қаражорға билеп жатқан жаңадан көшіп келген қытай қазақтарының тойының үстінен түстім деп жатыр- деді.
Мен жалғасты сұрастыра келе білгенім мынау болды:
Атбасарға ат басын тіреген қырыққа тарта отбасы қытайдың алтай аймағынан келген «тың игерушілер» болып шықты. «Тың игерушілер» қытайдың ауыл-шаруашылық компанияларымен келісім-шарт негізінде келген көрінеді. Келісім-шарт бойынша Қытай жақ ауыл-шаруашылық техникасын шығарады. Ал келген еңбек күг 5 жыл бойы қытайға жалданып жұмыс істейді. 5 жыл ішінде Қытай салған ақшасын қайтарып алып, келген Қазақтарға техникаларын тастап, шартты үзеді екен.
Осы хабарды естіген соң ол бауырыма қайтсеңде Атбасарға келген 40 отбасының бірінің телефон номерін тауып бер деп тапсырма беріп едім,тәңертеңнен бері бауырымнан да хабар жоқ. Осы хабардың нақтылығын мүмкіндігі бар ахпарат құралдары анықтап жіберсе деген үмітпен жариялап отырмын.

Орналастырылған санаттары: Қоламта | Пікір қалдыру

Көкбөрілер мекені және қорқау қасқырлар


1488033_1388436824766628_110325783_n
Басқа құрлықтағы қорқаулар… яғни қорқау қасқырлар туралы «Хайуанаттар әлемі» бағдарламасынан көп көреміз.

Азық іздеп аласұрған топты қорқау тұмсықтарын әлсін-әлсін көтеріп, ен даланы кезіп безіп келеді. Олардың иіс сезу мүшесі керемет дамыған. Қайда жемтік, арам олжа болса, соны неше шақырымнан-ақ сезіп, бағытын солай бұрар еді.

Қорқаулар өздері тірі аңды қуып арамтер болмайды. Бірақ әлдебіреудің қызыл қан, қара терімен тапқан олжасын тартып алуға келгенде олардың ұйымшылдығын, бір-біріне бауырмалдығын айтпа! Жан-жақтан қаумалап, арыстанның аузындағы асын да алып кетеді.

Қарсы жақтың олжасын тартып аламыз деп жүргенде кей қорқаулар жараланып қалады. Бірақ қызды-қызды шабуыл кезінде басқа қорқаулар оны байқай қоймайды. Тек олжа бөлісі аяқталып, енді естерін жинағанда қорқаулардың мұрнына енді өз серіктерінің қан иісі келеді. Сол кезде жемтікке деген жеңсік туысқандықты, серіктестікті… бәрін ұмыттырады. Ұмытады да қан иісі бұрқыраған өз бауырларына ұмтылады. Сәлден соң сайыс орнында қандастарының шашылған жүні, түкке жарамас тері-терсегі ғана қалады…

Осыны көрген сайын көз алдыма қазақ даласындағы соңғы бір ғасырдан бергі көріністер елес береді.

ХХ ғасырмен бірге басталған азамат соғысы, аштық, 1937 жылғы қуғын-сүргіннен бері қарай бүгінгі «сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру» деп аталатын науқанға дейін біздің қазақтың арасына дәл осы қорқау қасқырдай тек өз-өзін талап, бірін-бірі жейтін қорқаулық мінез белең алып, бел көрсетіп келеді.

Әрине, қорқауды мысал қылғанда ешбір жемқорды ақтап алайық деп отырған жоқпыз. «Неге екі-үш үй алып қойған өзімізге ғана шамамыз жетеді де, тікұшаққа ақшасын тиеп алып қашып кеткен, қазір шетелде миллиардер болып отырған өзгелерден айрылып қала береміз?» деп ойлаймыз да.

Қазақ даласын өз етін өзі жейтін қорқаулардың емес, қасиетті көкбөрілердің мекені еді. Сол қасиетті көкбөрілердің мекенінде өмір сүрген бүгінгі қазақта «қасқыр да қас қылмайды жолдасына» деген қағида жоқ. Өзгеге тіс батыра алмайтын, өзімізге-өзіміз қақпан құрып қан жұтқызатын, астындағы тақ пен басындағы бо… бақты қымбат көретін қорқаулық үстемдік құрып жатыр.

Қайран көкбөрілер мекені! Қайран бабаларым тәңір тұтқан көкбөрілер мен көкбөрілік рух! Сен қайда кеттің?!

Орналастырылған санаттары: Көкжал рухы | Пікір қалдыру

Көш,Көш,Көш!!!


d0b1d0b0d0b9d0b1d0b8d188d0b5.thumbnail
Қазақтың «қара таудың басынан көш келеді…» деп басталатын ән айтқанына қанша ғасыр өткеніне кім білсін,алайда осы көш туралы ән де әңгімеде алі де тоқтар түрі жоқ. Тәуелсіздік алып,еңселі ел боламыз дегенде Елбасы жалпақ жаһандағы Қазаққа сауын айтып «ата жұртқа оралыңдар!» деген ұранмен әлем Қазақтарының көші Қазақ еліне қарай құйылды.21 ғасырдың талабы деп қазақ елі де басқа әлемге қадам тастап, далалық ұлттан қалалық ұлтқа айналамыз деп ауылдан қалаға көшті. Тірлік қамымен, тіршілік көзін іздеп қаладан қалаға, обылыстан обылысқа көшкендер да аз емес. Заманның желі мен тұрмыстың ебімен көштің де түр-түрі көбейіп, түрленіп қана қоймай өзіндік әуре-сарсаңын, қиындығын да шығарып, Қазақ ахпарат құралдары қаужайтын негізгі тақырыптарға айналып отыр. Бырақ көш туралы әңгіме бүгін ғана басталып отырған жоқ, арыдағы тарихи көштерге қалам сілтемей ақ күні кеше ғана өткен көштердің ізіне көз жүгіртіп көрейік…

1.Қарыз қайтару үшін басталған көш

кош-1962
1962 жылғы Қытай-Совет шагарасынан аттылы-жаяу қотарыла көшкен Қазақ көші туралы соңғы кезде көптеген әңгімелер айтылып жүр. Біреулер сол жолғы өткен халық 180 мың адам десе, енді бір жазғыштар 210 мыңға тарта адам дегенді айтады. Сол көштің басы- қасында болған, «сол көшті үгіттеп, ұйымдастырған адамның бірімін» деп жүрген жазушы Қабдеш Жұмаділ ағамыз айтқан дерек бойынша да көшкен Қазақтың ұзын саны 200 мыңнан асып жығылады. Бұл қытайдағы ел ауызында «қаш-қаш» деген атпен белгілі.
Алайда Қытайда тұратын, атын атауды қажет деп таппайтын, сол кезде Қытай үкіметінде лауазымды қызметте болған тағы бір ағамыздың айтуынша 1962 жылғы көштың саны да мәні де мүлде бөлек деген ой айтады.
Қытай қызыл үкіметі құрыла салысымен бастан аяқ Совет одағына арқа сүйеп, Совет қызыл үкіметінің кадырлік жане экономикалық қолдауымен көмегіне сүйеніп келді. Алайда Сталин өлгесін екі жақтың ара қатынасы тұрақты болды деп айтуға болмайтын еді. Совет үкіметі жетекшісі мен Қытай көсемі Мао арасындағы байланыстың нашарлауы екі ел арасындағы қатынасты шиленістіруге алып келді. Совет үкіметі Қытай қызыл үкіметі алған мемілекеттік қарызды тездетіп қайтаруды бұйрыды, егер қарызды қайтара алмаған жағдайда ақша орнына адам беруін талап етті.
Совет одағын астықпен, етпен қамдап отырған Қазақ ССР да соғыстан кейін еңбек күш тапшылығы айқын байқалған еді. Азамат соғысы, ашаршылық, репрессия, дүние жүзілік екінші соғысты бастан кешірген ҚазақССР ға сырттан келетін қара жұмыс істейтін еңбек күш ауадай қажет болатын.
Ал сол жылдары саяси күресті басты орынға қойған Қытай қызыл үкіметіне қарызға қарымтаға адам алу көктен тілегенді жерден берген үлкен орай болды.Қытайға қарулы соғыс алып барып,тәуелсіздік үшін күресіп Республика құрған,кейінн күшпен бағынған Шығыс Түркістандағы Қазақтардың санының азаюы Қытай үшін бөрігін аспанға ататындай жағдай болатын. Сонымен екі ел арасында келісімге қол қойылып, Советтен алған қарызды қайтару үшін Қытай үкіметі 60 мыңнан артық адамды шегарадан өткізіп беруге келісім берді. Адамды қарыз өтеу үшін пайдаланғанын жасыру үшін Қытай үкіметі Совет одағынан 1917 ж, 1933 ж, 1937 жылдары келген Қазақтарға жане басқа кейбір аз ұлттарға 1961 жылдан бастап «Совет гранжданы» деген куәлік бере бастады. Бырақ қызды – қыздымен бұл куәлікті сол жерде неше жүз жылдан бері өмір сүріп жатқан жергілікті Қазақтарғада жаппай тарата бастады. Тіпті қазір Қытайда отырған көптеген Қазақтардың сандығының түбінде «Совет гранжданы» деген куәлік жатыр. Адам арқылы қарыз қайтарудың алғашқы дайындығы біткесін енді екінші қадам басталды.
Совет елшілігі жане Қытай үкіметі қызметкерлері шагаралас отырған Тарбағатай аймағы жане іле аймағындағы аудандарында жане Алтай аймағының шегаралас аудандарында «Советке көшіңдер!» деген үгіт жүргізе бастады. Үгіттің жоғары дәрежеде болғаны сонша сол кездегі шагаралас аймақтардағы халықтың жүрегінде жалғыз ғана арман ол Совет одағы болды. Советке жеткені-комунизмге жеткені деп есептелді. Совет одағы асыра сілтеніп мақталды. Ел іші қатты толқыды.
Сонымен екі үкіметтің белсене үгіттеуінің арқасында 1962 жылғы көш бұрық ете түсті. Қытай үкіметі көшті үгіттеп, ұйымдастырып қана қоймай, сол кездегі шегара аудандармен қалаларда бар барлық үкіметтік жүк машиналарын, автобустарды жане де басқа көліктерді аттанысқа келтірген. Алайда бұл жолғы көшкен ел саны қазіргі ахпарат құралдары жазғандай 200 мыңнан аса адам емес, 61 мыңнан астам адам ғана. Бұған дәлел: сол кездегі нопос (тұрақты тіркеу) мұрағатыннан көшкен адам саны туралы деректер Қытай мұрағаттарында алі сақтаулы. Ал келісімге сай белгілі мөлшердегі адамды өткізіп болған Қытай шагарашылары арт жақта артынып-тартынып келген көшті кейін қайтарып, өтіп кеткен көшті қуған болып өтірік көрініс жасағанда қойған. Алайда адам сұрағанмен еңбек күшке жарайтын адам керек деп келісімді айқындап алмай, еңбекке жарамайтын бала-шаға, кемпір-шалдарды да қоса өткізіп алған Совет үкіметі Қытайға қайта талап қойғанымен «сауда сақал сыйпағанша» деген Қытай қызыл үкіметі босаған Қазақ аудандарға қуана қуана Қытай қызыл армиясының ірі бригадаларын қоныстандырып қарық болды.Сондықтан кейінгі кезде «көш бастаған мен!»деп кеудесін қаққан «көшбасшылар»дың айтқандары бос сөз, сол көштың екі көш басшысы бар, оның бірі Қытай қызыл үкіметі де, екіншісі Совет қызыл үкіметі – дейді сол кезде мемілекеттік автобус отрядтын көшке жұмылдырған іле Қазақ обылысында басшылықта болған қарт ағамыз.

2.«Комунизимге» көшемін деп 30 жыл боқ тазалаған көшбасы

1962 жылғы үлкен дүрмекте бір ауылдың көшін бастап ҚазақССР ға келіп отыз жыл сиыр баққан Жанымхан атамыздың айтуынша сол жылдары Советтік қызыл үкімет те, Қытай қызыл үкіметі де өзін «лақтырып» кеткенін айтып отыр.
Ол кезде бір ауылдың зиялысы, әкімі болып жүрген Жанімхан атамызға Қытай үгітшілері келіп «Советке барсаң ол жақта бұданда жоғары басшылықта боласың, ол жақта Комунизим, үйіңе сүт пен май трубалармен келеді.бір кранды ашып қалсаң сүт, бір кранды ашып қалсаң май ағады!» деген. Өзі басқарып отырған елдің аузын аққа жеткізіп, комунизимге «күміп» етіп түсе қоймақ болған көшбасшы көштың басын шегараға қарай түзеген…
көш алғаш басталғанда аласапыран күндерде Қытай үгітшілері күйеуі алысқа жұмысқа кеткен әйелдерге «күйеуің щегарадан өтіп кетті, сен неге қалғансың,тез, қалмай өт!» десе сыртта оқып жүрген студенттермен сыртта жұмыс бабымен жүрген ерлерді де «үй-іш, бала-шағаң көшіп шагарадан өтіп кетті, енді сенде қалма!»көшті қыздыра түскен. Нәтижеде біреудің бала-шағасы өтіп, әкесі қалса, біреулердің бала- шағасы қалып ,отағасы өтіп кеткен. Сонымен бейбіт заманда отбасы екіге жарылған ел шегараның екі жағында аңырап қалды. Сол жолғы көште бөлінген отбасылар кейін Қымбат апаймыз жүргізетін «бармысың, Баурым?» бағдарламасынан бір-бірін тауып жатты.
Советке келгесін «комунизимге жетемін!» деп келген Жанымхан атамыз Қытайдың жоғары унверситетінде оқыған зиялығына қарамай, Сапхоздың сиырының боғын тазалайтын болып жұмысқа орналасқан. Сонымен сол боқты тура тәуелсіздік алғанға дейін 30 жыл тазалапты7 Ел тәуелсіздік алуымен бірге Жанымхан атамыз да лат жұмыстан тәуелсіздік алыпты.

3.Тәуелсіздік кезідегі тәуелсіз көш

5a1yj01X
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Отандастар Отанға оралыңдар!» деген ұрынмен бірге Қазақ еліне төңіректегі көрші елдерден Қазақ көші құйыла бастады. Сол көш міне әр жылдарда әр түрлі қарқын алып, бұл күндері сол кездегі көштің нәтижесінде елімізге бір милионнан астам қандастарымыз оралып, өсіп-өніп, өз елінде азшылық ұстаған Қазақ халқына үлкен күш берді. 1962 жылғы көш пен тәуелсіздік алғаннан кейінгі көштің мәні де мағынасы да басқа. Бұл тәуелсіз елдегі тәуелсіз көш. Бұл көшті үлкен имепиялардың біздің тағдырымызды сырттай шешіп, қарыз үшін, не басқада саяси мақсаттар үшін ұйымдастырылған, жат қолмен жасалған көш емес, өзіміз өз-өзімізді билеп, өзіміз шешім қабылдаған ұлы көш , елге-ел, Қазақ рухына рух қосылған мәнді көш деуге әбден болады, Осы көшті бастау жане оны бүгінге дейін жалғастырып үнемі бақылауында ұстай отырып Қазақстан елінің ғана емес,әлем Қазақтарының көшбасшысы болуға ұмтылу Елбасының Қазақ көсемі ретіндегі үлкен жетістіктерінің бірі!- Дейді отанына оралған көптеген Ақсақал қарасақалдар қауымы.

4.Басы таудай, аяғы қылдай көш

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тәуелсіз көшті де әр саққа жүгіртетіндер көшпен келген қандастар арасында да, осы елдегі жергілікті қауымнан да табылып жатыр. Олардың айтуынша бұл көш бастапқыда жақсы ниетпен басталған басы таудай болып,ұлы мақсатпен басталғанымен кейбір мысық тілеу қызылкөздердің араласуымен аяғы қылдай көшке айналды -дейді бұл пікірді ұстанатындар. Себеп мынау, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген орыс,немістер өз тарихи отандарына көшіп, Қазақ даласы қаңғырап қалды, неше жүздеген қалашық пен ауылдар иен қалып, Советтен қалған өндіріс орындары мен милиондаған гектар жерді басып қалған бүгінгі билікті құрап отырған ірлі-ұсақты қожайындарға зор топтағы арзан еңбек күш керек болды, сонымен осы мақсатты көзде ұстаған ірлі-ұсақты қожайындардың қожайындары тәуелсіздікті ұран етіп, шеттегі Қазақтарды арзан еңбек күш ретінде елге шақыра бастады, олар шеттегі Қазақтарды елге шақырып қана қоймай, олардың жағдайының оңалуына қасақана кедергі жасап, жерсіз, үйсіз ұстау арқылы өздеріне жұмыс істеуге мәжүбірлеп, шеттен келген қазақтарды өздеріне қызмет ететін жалдамалыларға айналдырғсы келді. осы жағынан алғанда1962 жылғы көштен бүгінгі көштің айрмасы шамалы дейді. Алайда бүгінгі көш қожайындар жоспарлаған ценаримен өрбімей, көшпен келген келушілер ел ішіндегі билікке наразы, кедей топтарды көбейтетін болғандықтан қазір қағаз жүзінде «Нұрлы көш» немесе басқа көштер туралы айтылып, жазылғанымен, бырақ, іс-жүзінде Тәуелсіздік кезіндегі тәуелсіз көшке кедергілер жасалып, көш тоқтауға жақындап қалды деген пікірлер айтылып отыр.

5.Көшпен келгендермен от көсеу

Ал ел арасындағы көптеген адамдардың айтысынша бүгінгі тәуелсіз көштың тоқтауына қазіргі биліктегі кейбір Қазақ ұлтына қарсы мәңгүрт шенеуніктер мен қазіргі шетте қашып жүрген олигарихтерға тәуелді саяси партияларымен олар иелік ететін ахпарат құралдарының үлесі де зор дейді.
Қазақ билігін қадам сайын аңдып, орынды да орынсыз да сынап, биліктің әр сәтсіздігін өзіне қару етіп жұмсап, ел арасында наразылықты күшейткісі келетін өздерін «тәуелсіз» санайтын ,әлде кімдерге тәуелді ахпарат құралдары күйлі-күйсіз жүрген көшпен келген Қазақтардың билікке өкпелі көңіл-күйін қалт жібермей пайдаланып, оларға көмек берген болып, ахпарат құралдарында өз ыңғайларына келетін сөз айтқызып,қоғамдық пікірді өздеріне ыңғайлы жаққа бұрғысы келді. Сөз көрігін одан ары қыздыра түскені сонша, жергілікті Қазақтың етігінің қоншынан алтын саулап, бәрінің төбесі көк тіреп ел билеп, ұжымақта өмір сүріп жатқандай көшпен келген елді бөлектеп көрсетіп, «жұмыссыз қалған, үйсіз қалған, ауыр еңбек пен азапта қалған оралман!» деген тақырыптар ахпарат құралдарында қарша борады. Әлде бір дәншпан саясаткер өз кітабінда «бүгінгі билікті өзгертетін күш ол шеттен келген қазақтар!» деген ертегіні ойдан шығарып, көшпен келген елдің белсенділерін билікке қарсы айдап салды. Осындай ахпараттық соғыстың нәтижесінде билік тізгінін ұсап отырған кейбір Қазақтың басын қосуға іштей наразы болып отырған космополиттердің көктен тілегені жерден табылып, приздентке әр түрлі жағымсыз ахпарлар жеткізді. Сонымен Елбасы мен көшкен ел арасынан қара мысық жүгіріп өтіп, «сендер Қазақстанға алі еңбектерің сіңбеген адамсыңдар!» деген сөз де айтылды. Елбасы сөзін мемілекеттің саясаты деп түсінген атқа мінерлер «оралмандар сауатсыз!», «батыстағы ереуілді ұйымдастырған оралмандар!» деп арт- артынан маңырай бастады. Тіпті қызды-қыздымен «оралманды ұрып» жібергендер де болды.

6.«Көлденең көк аттылар» көші

4dNiznkw
Сонымен қалай айтып, кімді кіналасақта ұлттық мемілекетімізді нығайтатын үлкен жобаның бірі шеттен елге бағытталған Қазақ көші саябырсып келіп,толық тоқырады. Бырақ әлемде 9-орында тұратын жері бар даму мүмкіндігі күшті Қазақ елі кең байтақ даланы игеру үшін,жол- қатынас,теле -ұтқыр байланыс саласы даму үшін елге зор топтағы халық жане еңбек күш қажет. Алайда ол еңбек күштерді шетелден келген қандастарымыз арқылы толықтыру бүгінгі билік үшін түрлі ыңғайсыздықтар алып келді. Өздерін Қазақстанның толық қанды, тең құқылы мүшесі санайтын, билікке қажетті талап қоя білетін шетел Қазағы-оралмандарды әкелуден көрі бұл жерге тек жұмыс іздеп, жан бағу үшін немесе экономикалық жағдайын жақсартып, байлығын еселеу үшін келетін шетелдіктер, ақпа еңбек күштері әлде қайда тиімдірек еді. Осы жағдайды көзде ұстай отырып, өз байлығын еселегісі келетін Қазақ байлығы мен жерінің қожайындары енді арзан еңбек күшті Қазақтан іздеп қаңғырмай-ақ іргелес көрші отырған Өзбек, Тәжік елдерінен алуды жөн көрер еді. Алайда соңғы кезде Ресей, Белрус елдері де ұлтына қарамай ақ «оралман» қабылдауды қолға алуды бастап кеп жіберді. Сонымен Қазақстанға көз тігетін Өзбек, Тәжіктер біздің елге қарағанда әлеуметтік жағдайы пышақ сырты көрім, Ресей, Белрус елдеріне ағылды да, біз үшін арзан еңбек күштың жалғыз қайнары айдағардай тулаған, адамы қойдай шулаған Қытайдың адам мұхиты екенін анық сезіп отырмыз . Қытай мигранттары арқылы халық санын арттыру Қазақ еліне еш жаңалық емес. Бүл күнде ың-шыңсыз, айқай-шусыз,он мыңдап кезекке тұрмай ақ неше он мыңдаған Қытай Қазақстанға көшіп келіп, балалы- шағалы, үрімді-бұтақты болып өмір кешіп, алды Найман болып алған қытайлар туралы ахпарат құралдары жазыпта, айтып та жатыр.
Ала қабын арқалап,күй талғамай қандай жұмысты тындырып тастайтын Қытай шаруаларына Қазақтың түгін тартса майы шығатын жалпақ даласы жұмақтай сезілері сөзсіз. Шекараның ар жағында Қазақтар кезек күтіп, виза ала алмай, бірін -бірі «ұрып» жүргенде Қытай көші көзге көрінбей кедергісіз өте береді,өте береді,содан кейін милиондаған гактар даланы өз атына жазып алған алпауыттар тіл-ауыз жоқ, жұмыс істеуді ғана білетін Қытайларға жерді майға беріп тастап, елдегі сәнді сарайларында, Европадағы теңіз жағасындағы виллаларында аяқтарын аспанға көтеріп тастап Қазақтың ақ даласынан алтын сауып жата береді.
Міне у-шуы,дау-дамайы көп шеттегі Қазақтың көшінен «көлденең көк атты»ның көші әлде кімдерге әлде қайда пайдалы болса Елбасы бастаған «Нұрлы көш»-тың кімге керегі болмақ?өз құлқынын ғана ойлап,жеке тынштығын ғана ойлап,байлығын еселегенді ғана білетін тоғышарлар үшін Қазақ елінің ұлттық мемілекет болуы үшін басы үлкен арманмен басталған Елбасы бастаған тәуелсіз көштың «нұрлы көш»тың тиындық құны барма?оларға Қазақ еліне кімнің көші келседе бәрі бір…
Сосын Қазақ даласынан мұнай-газ, алтын-күміс, жер сауған алып қожайындар ыңғайсыз жағдайға қалса Европаға қарай аттың басын жіберіп, көштың бұйдасын тартады…
Несі бар, көшпей жүрген Қазақ емеспіз! көше береміз!
Көш байсалды болсын!

Орналастырылған санаттары: Қоламта | Пікір қалдыру

Қытай жане Ресей: Ұлтшылдар неге ойбай салады??


images (12)
«Қазақстан солтүстік обылыстардың қазақ санын көбейтпек, бұған Қытай елі жәрдем бермек!»деген тақырыптағы Қытай сайтында салынған ахпарат «Көкжал» жане «Қамшы» сайтында жарияланғаннан кейін Қазақстан еліндегі ұлтшыл күштер мен қазақтілді сайттар арасында жаппай дүрбелең басталды. Істің анық-қанығына жетіп,терең сараптап,қауіптің қай жағынан екенін жане күткен қауіптің қандай дәрежеде екеніне талдау жасағанның орнына жаппай «Біздің солтүстікті Қытай басып алатын болды, біздің үкімет бізді сатып жіберді! біз енді сорлы боп қалдық па не?» деген торығуға толы жазбалар қаптап кетті.
Ұлтшылдар құрылтайын өткізіп,»Ұлттық кеңес» құрған Мақсат Нұрлыбайұлы бастаған сәлихалы Қазақ ұлтшыл саясаткерлерінің өзі қазіргі кезеңдегі нақты жағдайды ескере отырып, ахпараттық қысыммен,әскери агрессияның дауылы қайдан соғатынын біле тұра ахпараттық алаңды шаңдатып, негізгі жауды ұмыттыруға тырысқандай ыңғай байқатты.

Негізі бұл жерде әлі Қазақстан үкіметі жағынан расталмаған,анықталмаған ахпаратты алаулатып,одан трагедия жасаудың қажеті жоқ еді. Бұл ахпаратты таратудағы мақсат мүлде басқа болатын. Біз бұл ахпарат арқылы қайта » Солтүстікті Ресей басып алады!» деген үрейді жеңілдетіп, елдің жүрегіне сонша үркектік ұялатпау үшін әкелген болатынбыз. Жане мақаланы толық оқыған адам бұл ниетімізді аңғара алар еді. Қазір басты қауіп-Ресейден. олай болса онсызда «Солтүстіктен айырылатын болық!»деп үрейленген елге Қытай қаупі жайлы шулатып,одан ары үрей тудырып,елді сужүрек ету кімге тиімді? Ел назарын қазірше Қытай қаупіне аударып, ұпай жинаудың қажеті жоқ.Қазір қысқа уақтта Қытайдан қауіп төнбейді.Оған төмендегідей факт келтірейік:
Бірінші: Қытай үкіметінің соңғы кездегі даулы жерлері мен аралдары жайлы Жапония,Филипин,Тайланд елімен болған таластарда Қытай ешқандай әскери агрессиялық әрекеттерге бармады. Бармады емес,бара алмады. Себебі:Қытай үкіметі үшін әскери агрессиялық саясат жүргізу-үлкен апаттың өзі екені белгілі. Қытай бір елге ашық соғыс арқылы жаулаушылық жүргізуге әлі де ерте.
Екінші: Қытай елі жан саны көп,көші-қон арқылы әлем елдеріне көптеп қоныстанғанымен,негізгі көші-қон бағыты ешқашан исслам елдеріне, әсіресе «Тероризм» атауымен байланысқан елдерге көптен бағытталған емес. Кез-келген Қытай исслам елдерінен аяғын тартады. Біздің елді АҚШ,Жапония елдерімен салыстыруға келмейді. Әлемде Исслам мемлекеттерінде Қытай саны өте аз.соңғы жылдардағы Қазақстан елінде жасалған терактілер мен «Халифат сарбаздары» жайлы аңыздар Қытай елінеде үлкейіп жетіп,үрей тудырып жатыр. сондықтан Қытайлар қазір аяғын аңдап басады.
Үшінші: Жалпы ортаазия елдері Қытай үшін жайлы қоныс емес. Қытай дәл қазір орта азияға,жүйеден Қазақстанға ірі көлемде қаржы салып ірі завод-өндіріс орындарын құруға, қомақты сандағы қытайларды әкелуге тәуекел жасай алмайды. Себебі: Орта азиядағы қартайған билеушілерден кейінгі мемлекет жағдайы, саяси тұрақтылық мәселесі қалай болатыны оларға белгісіз. Олар кез-келген уақтта «Украинадағыдай жағдай орын алуы әбден мүмкін!»- деп есептейді.Сондықтан Қытай елі Орта азияға жүйден Қазақстан еліне өз еліндегі товарларды өткермелеп саутмен,тек сауда алыс-беріспен,шикізат көзі ретінде ғана пайдалана тұрады.
Бырақ мен бұл үш түрлі факт арқылы Қытай қаупін түбегейлі жоққа шығару ойында емеспін. Қытай Елі ежелден жымсыма,әлсіз,көші-қон саясаты арқылы өзге елдің жеріне ие болғысы келетіні тарихтан белгілі. Оны талай рет жазыпта жүрміз. біз Орынсыз айғай салып, елді одан ары үрейлендірмей-ақ,Қытай қаупін «Халықтың көші-қон туралы заңы»ына өзгерістер енгізу арқылы толық шешуге болады. Қазіргі азаматтық беру мәселесін қайта қарау керек.Қазақстаннан қыз алған азаматтардың жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алуын тоқтатып,шетелге тұрмысқа шыққан Қазақ қызын азаматтықтан шығару керек. Онсызда шеттегі қандастарымыздың азаматтық алуын қиындатып,»Батыстағы елдердің тәжірибесін қолданғыш үкімет» ке осы талапты «Халық кеңесі» атынан шартты түрде қатаң қою керек. Осындай жағдайда қытай елінен қанша жерден көп санды еңбек күш келген күнде Қазақ елінде заңды қалу мүмкіндігі азаяды. Әрі жемқорлық негізінде азаматтық алуға тосқауыл қойылады.
Ал «Қазақстан солтүстік обылыстардың қазақ санын көбейтпек, бұған қытай елі жәрдем бермек.» деген мақаладағы ой: Қытай қаржы күшінен пайдаланып,солтүстікке Қазақстанның ішкі көші-қонын жане сырттағы көші-қонын жандандырып,сол арқылы солтүстік обылыстардағы Қазақтың ара салмағын арттырудың жақсы идея екенін айту болатын. дәл Қазіргі кездегі солтүстік үш обылыстағы қауіпті уақтша азайтудың бір жолы-осы. Мен осы жоба арқылы болатын Қытай қаупіне емес,қайта осы жобаның шындығына жане жане осы жобаны іскер асырушылардың мақсатына алаңдаймын. Егер жоба расында жоғардағы мақалада көрсетілген шарттармен жасалса онда дәл қазір ойбай салатындай қауіп жоқ! Біз шынымен осындай жоба іске асатын болса онда жоғардағы айтқан азаматтық алу мәселесі мен жоба шарттарының толық атқарылуын бақылауға алуымыз керек. бұл жоба іске асса, Қытай елі солтүстікке қомақты қаржы салып, сол жерде ірі мүдесі болса,онда ресейдің бірден бір арқа сүйер тыянағы болып отырған Қытай елі біздің жерді қарулы күшпен қорғамасада дипломатиялық тетіктерін іске қосып,өз мүдесін қорғайтын болады. Бұл өз кезінде Ресейдың қарулы шабуыл қаупін азайтарына септігі тиеді. Осындай ірі елдер арқылы ірі елдерді ноқталай тұру саясатын бір кездері Қытай үкіметі де қолданған болатын. 1905-06 жылғы Жапон-Россия соғысы соның дәлелі. Россия патшалығына қарсы тұра алмаған әліз Мәнжу үкіметі Жапон елін соғысқа шақырып, Қытай өзінің Россия басып отырған Шығыс солтүстіктегі өлкелерін қайтарып алған болатын. Сондықтан Қазақ үкіметі қаупті Шынайы танып, осындай ақылды жоба жасап жатса онда оны құптап,жане ол жобаны бақылауда ұстау керек.
Мақсат Нұрлыбайұлы «Себебі, Қытай елі ұзақ мерзімге жалға алған жерге тек қытайдағы қазақтарды жібереді және олардың Қазақстанға келіп өнім өндіруіне қомақты қаржы жұмсайды дегеніне ешкім сене қоймайды» дейді. Бырақ оған сенуге не сенбеуге факт келтіріп отырған жоқ. Бұл қауіпті де жеңудің жолы бар. Ол :»Халықтың көші-қон туралы заңы»ын өзгерту. шеттен келген қандастарымыздың Қазақстанда тұрақты тіркеуге тұру,азаматтық алу немесе Қазақстанда еңбек істеуге құқық беретін көші-қон куәлігін жеңілдетілген тәртіппен беруді қайта қалпына келтірсек онда Қытай елі өздері-ақ Қытайдағы Қазақтарды осында жұмысқа алуға мүделі болады. себебі: Қытай қанша жерден өз Қытайын ойласада қазіргі Қытай байларына аз ақша жұмсау, проблемасыз жұмыс істеуден ешқашан қашпайды. Шеттен келген Қазақты көші-қон полициясы тексермейді, аз ақшаға құжаттарын бітіріп беретінін білсе таңдау Қазаққа түсері сөзсіз.
Сондықтанда әр іске еркін сараптама жасай отырып,ойланып-тұлғанып, сараптамалық конференция ұйымдастыра отырып, ұлттық мәселемізді нақты іс-әрекетпен шешуге тырсайық дегім келеді!

Серік Мұратхан

Орналастырылған санаттары: Қоламта | 2 пікір