Шеттегі Қазақтың өкінші


999999999999999999999999999999999999999999999999
«Шетелдегі Қазақ жастарына үндеу» Қытай Қазақ сайттарында түрлі пкір туғызды. Біз сол үндеуден кейін тіл қатқан Қытайдағы бір қандасымыздың kultegin сайтындағы жолдамасын ұсынып отырмыз!

                                                                    <strong>Украина жене менің өкіншім</strong><strong>

Мен1968-жылы туылдым . Ол жылдары «Қытайдағы мәдениет зор төңкерісі» кезеңі болатын. Балалық дәурімді аса жоқшылық кезеңде өткіздім. Алайда оқуға қатты құлшындымда, мектепті үздік нәтижемен бітіріп,1986 жылы Іле педагогикалық инстиутының саясат факултетіне оқуға түсітім. Бырақ бұл жылдары Қазақстан елінде 16 желтоқсан уақиғасы болғанын ол кезде қайдан білейін!
1990-жылы оқу бітіріп,аудандық толық орта мектепке саясат тану пәнінен сабақ бретін оқытушы болып жұмыс істей бастадым. Бір жылдан соң СССР тарап кетті.тосын жаңалық бізді де елең еткізді. Қуғанбаған Қазақ баласы кемде-кем. «Қойшы,қайтеміз!» деушілерде болды. Кейбіреу көшуден қорықты,неге қорыққанын кім білсін!
Мен қызуда қырпулы шағым. Қызметім бар,жақсы жалақым бар. «Ол жаққа барғанда ата-анамды кім бағады,қандай күндер күтіп түр?» деп ойладым. Елде әрі –сәрі. Аздаған адамдар кетіп жатты…
1998-2000 Жылдар аралығында көші-қон жандана бастады . осы кезде кетушілер шамалы молая бастаған кез болатын. Ал ол кезде мен Қазақстанды жамандаушылар қатарында болдым. «ол жерде шошқа етін жей береді екен, жергілікті Қазақта Қазақы рух жоқ,барсаң өзіңді тонап,жаныңды алады екен!» дедім. Осы аралықта балалы-шағалы болдым. Құдай берген бір ұл,быр қызды өсіріп алаңсыз жаттым. Күндер өтіп жатты..
2012 Жылғы Лондон олимпиаданан кейін мен Қазақстан жайлы шынайы ахпараттарды іздестіре бастадым. Олимпиада кезіндегі жетістіктер менің ойымды серпілтті. Қазақстан еліне қоныс аударуды ойластыра бастадым. Ұлым толық орта ,Қызым орталау жылдықта «Қос тілді» мектепте оқиды.
Менің қасыретім де өкіншім де 2014 жылы Қырымға Ресей әскерін кіргізгеннен кейін басталды. Бір жыл бұрын ғана бүтін елдің бөлшектенуі өте оңай екен. Қазақстан еліне төнген қауіп мені мазалағанда мен Қазақстанға жүрегім байланғанын бырақ білдім. Басқа қонған бақ бағалағанда ғана ұзақ тұратынын танып жеттім. Мен кеш қалғанымды сездім. Қатты өкіндім. Мен « 23 жыл не бітіріп жүрдім? Мен сатқынмын, мен опасызбын, мен ақшаға бола, жақсы,тыныш тұрмысқа бола 23 жылдық өмірімді сырап еткен ессіздігімді енді қалай толтырамын?» деп арпалыстым.
Иә, « ештен кеш жақсы» дегенғой. Мен Қазақстан елінен шақыртуымды алдырып,аудартып,барлық құжат жұмыстарымды бітіріп,қазір виза ашқызу жұмыстарымен жүрмін. Қазақстан еліндегі танысым « Ақшаның құлағын көрсетсең, азаматтықтың да құлағы көрінеді» деген үміт пен хабарды жылтың еткізді…
Не болсада бара көрейін,
Әрқашан Алладан тілерім:менің қателігіммен өкіншімді басқа бір пендеге,басқа бір Қазаққа бере көрме!- деп тілеп келемін…

About kokjal83

арман алға жетелейді, үміт өлтірмейді...
Бұл жазбаның орналастырылған санаттары: Қоламта. Бетбелгі жасау үшін тұрақты сілтеме.

Пікір қалдыру